- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ағылшын тіліндегі бұрыс...
Ағылшын тіліндегі бұрыс етістіктерді жаттаудың оңай тәсілі
Тақпақ болсын, өлең болсын, сөздер аудармасы болсын бір ырғақпен қайталай бергенде есте сақталуы екіталай. Оны қағазға жазып не көз алдына елестете отырып, әйтеуір, қандай да бір ерекше тәсілін тауып жаттаған оңайырақ. Ал бүгін сіздерге ағылшын тіліндегі үш шақта (өткен, осы, келер шақ) үш түрлі қолданылатын сөздерді тез жаттаудың тиімді тәсілін ұсынамыз.
Таңертеңмен жер-жерге кофенің аңқыған жұпар иісі spread, spread, spread (тарайды).
Сан сағаттап жинаған ақшаңызды әйеліңіз бір сағатта-ақ spend, spent, spent (құртып тастайды).
Жеті азапқа бір жауап бар, тек sit, sat, sat (отыруды) доғару керек.
Сағат ешқашан тоқтамайды, оны wind, wound, wound (бұрау, айналдыру).
Әр ақын жүрегімен сезінеді, бұл сөз feel, felt, felt (сезіну) дегенге келеді.
Қалағаныңның бәрін buy, bought, bought (сатып алу), бұл тек анекдот.
Ағылшын тілін ес кірген кезден бастап teach, taught, taught (үйрену) керек.
Өмірде үнемі екі нәрсенің бірін choose, chose, chosen (таңдауда) қиналамыз.
Жақсы sing, sang, sung (ән айтқан) адамды жағымды дауысынан танимыз.
Тек бір ғана кеңес беру керек болса, балаларды жақсылап breеd, bred, bred (тәрбиелеу) қажет дер едім.
Махаббатта соқыр болған адам көп weep, wept, wept (жылайды).
Жаздың шіліңгір ыстығында суда swim, swam, swum (жүзген) қандай рахат!
Төбелестен кейін көп жарақат ізі қалады, тіпті win, won, won (жеңсе де).
Құрылыста жұмыс істеген жан build, built, built (құру, құрастыру) сөзін ешқашан ұмытпайды.
Денің сау, денең шымыр болуы үшін күн сайын run, ran, run (жүгіру) керек.
Жеңілгіңіз келмесе strive, strove, striven (күресу, тырысу) керек.
@. @assel_assanova