Неологизм: Ағылшын тілінде to Meghan Markle ұғымы пайда болды

Ағылшын тілінде жаңа to Meghan Markle етістігі пайда болды. Оны "Өзінің психикасына нұқсан келтіретін қатынастардан/ситуациялардан бас тарту" деген мағынада қолданады.

Өздеріңіз түсініп отырғандай, бұл Сассекс герцогтарының титулдан, ақсүйектерше шалқып өмір сүруден бас тартып, Канадаға қоныс аударуына байланысты пайда болған. Мұнымен қоса, олар қазынадан ақша алмай, қарапайым адамдарша өз еңбектерімен күн көруге бел буған.

Атақты The Guardian басылымы бұл етістікті басқа қандай жағдайларда қолдануға болатынын көрсетті. Мысалы, алькоголь қойылатын кештерден бас тарту немесе еңбегін бағаламайтын ұжымнан кету және т.б. басқа осыған ұқсас нық шешімді қажет ететін ситуациялар.