Дұрыс "қателіктер"

Дұрыс "қателіктер"
Фото: parsleysinmissions.org

Тіл – мәңгі бір орында тұрмайтын құбылмалы нәрсе. Грамматика, сөздер де жаңарып отырады. Әлемдегі ірі басылымдардың бірі Random House бас редакторы және вице-президенті Бенджамин Дрейер Quartz басылымындағы мақаласында ағылшын тіліндегі жіберілетін қателіктердің кейбірі қолдануға тиімді және ақылға қонымды екенін айтып, сөйлемді орынды құрастыруды сұраған болатын. Сонымен, Дрейер қандай "қателікті" сөз етті?

1. Көмекші есімдерге аяқталған сөйлемдер.
Бір кездері журналист Уинстон Черчилльдің британ көшбасшысының зығырданын қайнатқан сәтін президенттің сөйлемді көмекші есімдерге аяқтауымен байланыстырған. Осындай қауесет тараған болатын, дегенмен, бұның бәрі ойдан шығарылғаны кейін белгілі болды. Дрейердің пайымдауынша көмекші есімдерге (as, at, by, for, from, of, тағы басқа) аяқтау — дұрыс емес. Дегенмен, оны бұзғанның еш айыбы жоқ. Тек сөздер мен сөйлемдердің үйлесімін дұрыс аңғара білсе болғаны. Кейде көмекші есімдер арқылы сөйлемді аяқтау ақылға қонымсыз. Мысалы, мына жағдайда:
1. What did you do that for? (Не үшін істедің?)
2. Why did you do that? (Неге олай істедің?)
Бұндай кезде екінші мысал бойынша сөйлеу тиімдірек дейді бас редактор. 

2. «Және» деп сөйлемді бастамау.
Қазақ тілінде байланыстырушы рөлін атқаратын шылаулармен сөйлем басталмайтыны секілді, ағылшын тілінде де and, but, for, or, however, because сөздерімен сөйлем бастауға оқытушылар тыйым салатын. Дегенмен, Дрейер бұл ереженің ескіргенін айтады: жақсы жазушылар ылғи and немесе but арқылы сөйлемді бастайды. Мысал ретінде ол Эдвард Морган Форстердің «Үндістанға сапар» (Поездка в Индию) кітабындағы мына сөйлемді береді:

1. In the hospital he should be safe, for Major Callendar would protect him, but the Major had not come, and now things were worse than ever. (Ауруханада ол өзін қауіпсіз сезінуі керек болатын, себебі, майор Каллендар қорғайтын еді, бірақ, мойор келмеді, енді бәрі ол ойлағаннан әлдеқайда нашар).

2. In the hospital he should be safe, for Major Callendar would protect him. But the Major had not come, and now things were worse than ever. (Ауруханада ол өзін қауіпсіз сезінуі керек болатын, себебі, майор Каллендар қорғайтын еді. Бірақ, мойор келмеді, енді бәрі ол ойлағаннан әлдеқайда нашар)

Жазушы екінші нұсқаны таңдаған. Өйткені, алғашқы нұсқа тым ұзақ еді. Оның үстіне соңғы сөйлем арасында үзіліс оқиға жаңа леп берді. Дрейер and және but көмекші есімдерді сөйлем басында қолдануға қорықпауды ұсынды. Дегенмен, алдымен сөйлемнің мағынасына қарап алуға кеңес берді.

3. Инфинитифті бөліп тастау (to мен кез келген етістік арасында үстеу қою):
Бұны бұрыс емес деп шешкен редактор мысал ретінде «Стар Трек» сериалынан үзінді алды: «To boldly go where no man has gone before» («Адам аяғы баспаған жерге қорықпастан бару»).

«Дұрыс» нұсқасы былай болуы тиіс: «Boldly to go where no man has gone before» немесе «To go boldly where no man has gone before». Дегенмен, редактордың ойынша, бөлінбеген инфинитив іш пыстырады, сондықтан, бұл ережені бұзып тұруға болады.

Дегенмен, ауызекі сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилінің өздеріне сай ережелері мен ерекшеліктері бар екенін ескерсек, қателіктерге жол бермей, қай тілдің болмасын тазалығын сақтаған дұрыс.

Т. Есқали