Өзге тілді не үшін үйрену керек: 4 себеп

Өзге тілді не үшін үйрену керек: 4 себеп
Фото: sprachennetz.org

Қадыр ақынның: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегені белгілі бір теорияға негізделе отырып жазылған секілді. Сөз астарынан бұлай мән іздеуге төмендегі айтар кеңесіміз дәлел бола алады. 

Елден озық болу үшін көшбасшы болу керек. Бірақ қандай көшбасшы болу керек, лидер болу деген сөз тек көшті бастаушы адам ба?! Жоқ. Көшбасшы және тұлға болып қалыптасу үшін, адамдарды өзіңізге қызықтыра білу үшін көшбасшы бола жүріп, көп тіл меңгергеніңіз абзал. Неге? 
1. Тіл үйрену ең бірінші қорқынышты жеңеді 
Өзге тілде сөйлеу, жетік меңгере отырып сол елдің азаматына өз ойыңызды жеткізе алу сіздің үрейіңізді жоғалтады. Яғни қорқыныш атаулыдан аулақ боласыз. Мәселен қытай тілін білмесеңіз және сол елге тап болсаңыз сіз өзіңізді қауіпсіз сезіне алмайсыз. Ойыңызды айта алмайсыз. Себебі сіз оны, ол сізді түсінбейді. Осыдан келіп қарым-қатынас бұзылады. Ал тіл білу арқылы сіз тәуекелге ойланбай бара аласыз. 

2. Тіл үйрену есту қабілетін жақсартады 
Бұл жердегі есту қабілеті деп отырғанымыз, құлақтың басты жұмысы емес. Санадағы есту қабілетінің қалыптасуы. Назар сала отырып тыңдаудың пайда болуы. Өзге тілді меңгеру арқылы қойылған сұраққа тез әрі нақты жауап беруге үйренесіз. Өйткені сұрақты нақты әрі анық тыңдайсыз, осылай қорыта аласыз. 

3. Жетістік жолында қалыптасуға көмектеседі. 
Қарапайым ғана мысал, сіз тіл үйрену кезінде ең бірінші сөз жаттайсыз, кейін сөз тіркестерін оқисыз, уақыт өте келе жаттаған әрбір сөздеріңізден сөйлем құрайсыз. Ал бұл тек тіліңізге ғана емес, өмірлік тәжірибеңізге де әсер етеді. Күмәніңіз болмасын. 

4. Тіл үйрену болашақ қалыптастырудың бірден-бір көзі 
Тіл үйреніңіз! Болашақты бағдарлау үшін тіл білу тікелей әсер етеді. Көп тіл білген сайын дос-жаран табасыз, әріптестер мен жақын жандарды жолықтырасыз. Аталған әрбір адамдардың қасиетіне қарай толысасыз, тәжірибе алмаса отырып жетілесіз. Көп тіл меңгеру арқылы болашақты бір шеңбер ішінде ғана емес, көптеген шеңбер ішінде көре отырып, кеңістікке шығып кете аласыз. Бұл ойлау қабілетіңіз шексіз қиляға ие бола алуының кепілі. 
Қанша тіл білсеңіз, сонша адамсыз, ұмытпаңыз!

М. Ақан