Тағам даярлауға қатысты сөздердің ағылшын тіліндегі баламалары

Қазір таңда ағылшын тілін үйренуге ниетті жастар қатары артып отыр. Олар кез-келген амал-тәсілдерді пайдалану арқылы білімдерін шыңдап жүргенді жөн санайды. Сондай әдістердің бірі – күнделікті өмірде, яғни, тұрмыста сол тілде сөйлеуге тырысу. Ас үй отбасы мүшелері жиі бас қосатын жер болғандықтан, осы әдісті сынап көруге мүмкіндік бар. Сондықтан, тамақ дайындауға қатысты қолданылатын сөздердің ағылшын тіліндегі баламаларын назарларыңызға ұсынамыз.

Flavours /Tastes - Дәмдер

bitter – ащы
sour – қышқыл
hot – өткір, ауыз күйдірердей ащы
spicy – дәмдеуіштер қосылған
sweet – тәтті
savoury – тәтті емес (тәтті емес кез-келген дәм)
salty – тұзды
bland – тұщы
tasty/ delicious – дәмді
tasteless – дәмсіз
sickly – қантты, тым тәтті
stale – ескірген

General appearance and quality – Жалпы тамақтың түрі мен сапасы

over-cooked/overdone – күйдіріп жіберілген
undercooked/ under-done – піспей қалған
greasy – аса майлы
spongy – кеуекті
oily – майлы
stodgy – қою
done to a turn – жақсы дайындалған
more-ish – тәбет оятатын

Ways of cooking – Ас пісіру жолдары

boil – қайнату
fry – қуыру
bake – пісіру
roast – тұмшапеште пісіру
grill – рашперде дайындау
season – тұз бен бұрыш қосу
cube/dice – куб пішінді турау
slice – тілімдеп турау
chop – шабу
whip – көпсіту
stir – араластырып былғау
steam – буға пісіру