Ағылшын тіліндегі қызықтар

Әр тілдің өзіне тән ерекшелігі болады. Ал ағылшын тілі көп таралған тілдер қатарына енгендіктен әрі қазақтар арасында оны білу сәнге айналғандықтан, біздің оқырмандарды осы тілге қатысты деректер қызықтырады деген ойдамыз.

1. Goddessship – бұл дауыссыз дыбыс қатарынан 3 рет қайталанып келетін жалғыз сөз. Сонымен қатар, rhythm – 1 ғана дауыстыдан тұратын ең ұзын сөз. 

2. «The quick brown fox jumps over the  lazy dog» – бұл сөйлем ерекше, өйткені, мұнда ағылшын әліпбиінің барлық әрпі кездеседі.

3. Тағы бір қызықты сөйлем: «A rough-coated, dough-faced, thoughtful ploughman strode through the streets of Scarborough; after falling into a slough, he coughed and hiccoughed». Мұнда «ough» әріптері нен құралған тіркестің барлық дыбысталу нұсқасы кездеседі. Жоғарыдағы сөйлем ағылшын тілінде ең қиыны – оқылуы екеніне мысал бола алады.

4. «Almost» — ағылшын тілінің әріптері әліпбидегі реті бойынша  орналасқан ең ұзын сөз.

5. Ағылшын тілінде «dous» жалғауына аяқталатын төрт ақ сөз бар: «tremendous», «horrendous», «stupendous» және «hazardous». 

6. «Underground» – «und» тіркесімен басталып, сонымен аяқталатын жалғыз сөз.

7. Бұл «queue» сөзі соңғы 4 әрпін алып тастаса да оқылуы өзгермейтін жалғыз сөз.

8. Өзі  15 әріптен тұратын, олардың бір де біреуі қайталанбайтын жалғыз сөз  —  «uncopyrightable».

9. Көп жағдайда ағылшын тілінде түсінісу үшін 1 500-нан 2 000-ға дейін сөз білсеңіз жеткілікті.

10. Қарапайым ағылшын өз ана тілінде қанша сөз біледі? Ол әдеттегідей сөйлеушінің білім деңгейі, қоршаған ортасы және т.б. байланысты. Бірақ, жалпы  12 000 мен 20 000 сөз аралығында. Ал Шекспир 30 000-нан астам сөз қолданған.