Қазіргі заманның 100 кемеңгері

Ағылшынның Daily Telegraph газеті 2007 жылы Creators Synectics консалтингтік компаниясымен біріге дайындаған «әлемнің 100 кемеңгері» тізімін жариялайды.  

Басылым сарапшылары данышпандар рейтингін белгілі бір критерийлер бойынша анықтаған. Атап айтқанда, кемеңгер тұлғалардың адам көзқарасының өзгеруіне ықпалына, халық қалауына айналғанына, интеллектуалдық қуатына, жетістігі мен мәдени кемелдігіне қарап тізім жасалған. Анықтау кезінде сарапшылар әрбір белгі бойынша 10 балдық шкала қолданады.

Нәтижеде бірінші орын ғалымдар Альберт Хофманн мен Тим Бернерс-Лиге тиесілі болады. Олар екеуі де 27 ұпайдан иемденген. Соңғы орынға америкалық режиссер Квентин Тарантино орныққан.

Ал ендеше Daily Telegraph рейтингіне назар аударсақ:

1-2. Альберт Хоффман (химик, Швейцария) — 27
1-2. Тим Бернерс-Ли (кибернетик, Ұлыбритания) — 27
3. Джордж Сорос (қаржыгер әрі меценат, АҚШ) — 25
4. Мэтт Грейнинг (мультипликатор, АҚШ) — 24
5-6. Нельсон Мандела (саясаткер, ОАР) — 23
5-6. Фредерик Сенгер (химик, Ұлыбритания) — 23
7-8. Дарио Фо (жазушы, Италия) — 22
7-8. Стивен Хокинг (физик, Ұлыбритания) — 22
9-11. Оскар Нимейер (сәулетші, Бразилия) — 21
9-11. Филип Гласс (сазгер, АҚШ) — 21
9-11. Григорий Перельман (математик, Ресей) — 21
12-14. Эндрю Уайлс (математик, Ұлыбритания) — 20
12-14. Ли Хунчжи (рухани көшбасшы, Қытай) — 20
12-14. Али Джаван (инженер, Иран) — 20
15-17. Брайан Ино (сазгер, Ұлыбритания) — 19
15-17. Дэмьен Херст (суретші, Ұлыбритания) — 19
15-17. Дэниел Таммет (лингвист, Ұлыбритания) — 19
18. Николсон Бейкер (en:Nicholson Baker) (жазушы, АҚШ) — 18
19. Даниэль Баренбойм (музыкант, Израиль) — 17
20-24. Роберт Крамб (жазушы әрі суретші, АҚШ) — 16
20-24. Ричард Докинз (биолог әрі философ, Ұлыбритания) — 16
20-24. Сергей Брин мен Ларри Пейдж (Google корпорациясының негізін қалаушылар, АҚШ) — 16
20-24. Руперт Мёрдок (басылымшы және медиамагнат, АҚШ) — 16
20-24. Джеффри Хилл (ақын, Ұлыбритания) — 16
25. Гарри Каспаров (шахматшы, Ресей) — 15
26-30. Далай-лама (рухани көшбасшы, Тибет) — 14
26-30. Стивен Спилберг (кинорежиссёр, сценарист әрі продюсер, АҚШ) — 14
26-30. Хироси Исигуро (en:Hiroshi Ishiguro) (робот құрастырушы, Жапония) — 14
26-30. Роберт Эдвардс (физиолог, Ұлыбритания) — 14
26-30. Шеймас Хини (ақын, Ирландия) — 14
31. Гарольд Пинтер (жазушы, Ұлыбритания) — 13
32-39. Флосси Вонг-Стаал (en:Flossie Wong-Staal) (биотехнолог, Қытай) — 12
32-39. Роберт Фишер (шахматшы, АҚШ) — 12
32-39. Принс (әнші, АҚШ) — 12
32-39. Хенрик Гурецкий (сазгер, Польша) — 12
32-39. Ноам Хомский (философ әрі лингвист, США) — 12
32-39. Себастьян Трун (робот құрастырушы, Германия) — 12
32-39. Нима Аркани-Хамед (физик, Канада) — 12
32-39. Маргарет Тернбулл (en:Margaret Turnbull) (астробиолог, АҚШ) — 12
40-42. Элейн Пейджелс (тарихшы, АҚШ) — 11
40-42. Энрике Остреа (tl:Enrique Ostrea) (дәрігер, Филиппин) — 11
40-42. Гэри Беккер (экономист, АҚШ) — 11
43-48. Мохаммед Али (боксшы, АҚШ) — 10
43-48. Усама бен Ладен (исламист, Сауд Арабиясы) — 10
43-48. Билл Гейтс (Microsoft корпорациясының негізін салушы, АҚШ) — 10
43-48. Филип Рот (жазушы, АҚШ) — 10
43-48. Джеймс Уэст (en:James Edward Maceo West) (физик, АҚШ) — 10
43-48. Тан Во-Дин (en:Tuan Vo-Dinh) (биолог әрі дәрігер, Вьетнам) — 10
49-57. Брайан Уилсон (музыкант, АҚШ) — 9
49-57. Стиви Уандер (әнші әрі сазгер, АҚШ) — 9
49-57. Винтон Серф (ғаламтор протоколын құрастырушы, АҚШ) — 9
49-57. Генри Киссинджер (елші әрі саясаткер, АҚШ) — 9
49-57. Ричард Брэнсон (бизнесмен, Ұлыбритания) — 9
49-57. Пардис Сабети (en:Pardis Sabeti) (генетик, Иран) — 9
49-57. Джон де Моль (en:John de Mol) (медиамагнат, Нидерланды) — 9
49-57. Мерил Стрип (актриса, АҚШ) — 9
49-57. Маргарет Этвуд (жазушы, Канада) — 9
58-66. Пласидо Доминго (опералық әнші, Испания) — 8
58-66. Джон Лассетер (мультипликатор, АҚШ) — 8
58-66. Сунпей Ямадзаки (en:Shunpei Yamazaki) (компьютер мониторын құрастырушы, Жапония) — 8
58-66. Джейн Гудолл (антрополог, Ұлыбритания) — 8
58-66. Кирти Нараян Чоудхури (en:Kirti N. Chaudhuri) (тарихшы, Үндістан) — 8
58-66. Джон Гото (en:John Goto) (фотограф, Ұлыбритания) — 8
58-66. Пол Маккартни (музыкант, Ұлыбритания) — 8
58-66. Стивен Кинг (жазушы, АҚШ) — 8
58-66. Леонард Коэн (ақын әрі сазгер, Канада) — 8
67-71. Арета Франклин (әнші, АҚШ) — 7
67-71. Дэвид Боуи (музыкант, Ұлыбритания) — 7
67-71. Эмили Остер (en:Emily Oster) (экономист, АҚШ) — 7
67-71. Стивен Возняк (Apple компаниясының негізін салушылардың бірі, компьютер құрастырушы, АҚШ) — 7
67-71. Мартин Купер (инженер, ұялы телефонды ойлап табушы, АҚШ) — 7
72-82. Джордж Лукас (режиссёр, АҚШ) — 6
72-82. Найл Роджерс (музыкант, АҚШ) — 6
72-82. Ханс Циммер (сазгер, Германия) — 6
72-82. Джон Уильямс (сазгер, АҚШ) — 6
72-82. Аннет Бейер (en:Annette Baier) (философ, Жаңа Зеландия) — 6
72-82. Дороти Роув (en:Dorothy Rowe) (психолог, Аустралия) — 6
72-82. Иван Марчук (суретші әрі мүсінші, Украина) — 6
72-82. Робин Эсковадо (сазгер, АҚШ) — 6
72-82. Марк Дин (en:Mark Dean (computer scientist) (компьютер құрастырушы, АҚШ) — 6
72-82. Рик Рубин (музыкант әрі продюсер, АҚШ) — 6
72-82. Стэн Ли (жазушы әрі баспагер, АҚШ) — 6
83-90. Дэвид Уоррен (инженер, Аустралия) — 5
83-90. Юн Фоссе (жазушы әрі драматург, Норвегия) — 5
83-90. Гертруда Шнакенберг (en:Gjertrud Schnackenberg) (ақын, АҚШ) — 5
83-90. Грэм Лайнхэн (en:Graham Linehan) (жазушы әрі драматург, Ирландия) — 5
83-90. Джоан Роулинг (жазушы, Ұлыбритания) — 5
83-90. Кен Расселл (режиссёр, Ұлыбритания) — 5
83-90. Михаил Калашников (қару құрастырушы, Ресей) — 5
83-90. Эрик Джарвис (en:Erich Jarvis) (нейробиолог, АҚШ) — 5
91-93. Чэд Уорах (en:Chad Varah) (Samaritans қайырымдылық ұйымының негізін салушы, Ұлыбритания) — 4
91-93. Хайек, Николас (бизнесмен, Swatch компаниясының негізін салушы, Швейцария) — 4
91-93. Аластер Хэнни (en:Alastair Hannay) (философ, Ұлыбритания) — 4
94-99. Патрисия Бат (en:Patricia Bath) (врач, США) — 3
94-99. Томас Джексон (инженер, аэроғарыштық технология құрастырушысы, АҚШ) — 3
94-99. Долли Партон (әнші, АҚШ) — 3
94-99. Моррисси (әнші, Ұлыбритания) — 3
94-99. Майкл Ивис (en:Michael Eavis) (Glastonbury музыкалық фестивалінің негізін салушы, Ұлыбритания) — 3
94-99. Ранульф Файнс (саяхатшы, Ұлыбритания) — 3
100. Квентин Тарантино (режиссёр, АҚШ) — 2

Рейтинг қоғамда әртүрлі пікірлердің өрбуіне алып келді. Әр ел өзінде танымал болған тұлғаларды ескеріп, рейтингті қайта жасауды талап етті. Кейбіреулері тізімге сын айтып, Далай-лама мен Стивен Спилберг бір қатарда тұруы ақылға қонымсыз деп тапты. Тағы біреулері Осама бен Ладенді Билл Гейтске теңеместен, исламистті мүлде тізімнен алып тастау керек екенін айтты.

Расында ағылшын басылымының мақсаты да осы еді. Қоғамның ішінде пікірталас тудырып, өз атын шығару кез келген басылымның мақсаты болары анық. Қазіргі таңда, Daily Telegraph – бүкіл әлемге танымал басылымдардың бірі.