Ағылшын тілін бізбен бірге үйреніңіздер!

Ағылшын тілін бізбен бірге үйреніңіздер!

Халқымызда «Жеті түрлі білім біл, жеті елдің тілін біл» деген нақыл бар. Қосымша тіл оқу ешқашан артықтық еткен емес. Қазіргі таңда ағылшын тілі әлемде үлкен сұранысқа ие тілдердің бірі екенін және шетелге шыққанда осы тілдің қажеттілігі қатты байқалатыны мәлім. Оған қоса елімізде бірнеше тіл білетін мамандарды жоғары бағалайтынын ескере отырып, біз сіздерге ағылшын тілін онлайн жүйеде меңгеруге мүмкіндік беретін курс аштық. Бүгіннен бастап massaget.kz сайтында ағылшын тілін үйрететін «English time» деп аталатын видео дәрістер жарияланып отырады. Сабақтарды жүргізетін - Жолдас Өрісбаев. Жиілігі аптасына бір рет, әр жұма сайын. Алғашқы сабақты мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.

Ағылшын тілін бағындыратын уақыт келді, достар! Бізбен бірге білім көкжиектеріңізді кеңейте түсіңіздер!

B. ZHAQSYMBET