Әлем оқушыларының портреті

Әлем оқушыларының портреті

Фотограф Джулиан Джермен сегіз жыл ішінде 20 елді аралап, әр елдің оқушыларын дәл сабақтың үстінде суретке түсірген.

Түсірілген суреттердің ішінен үздіктерін таңдап алып, фотожоба жасаған екен. Фотожобадан батыс және шығыс елдеріндегі білім берудің үлкен айырмашылығын байқауға болады. Экономикасы тұрақты елдерде балаларға білім беруге барлық жағдай жасалған болса, Африка, Оңтүстік Америка мен араб елдерінде мәселе көңіл көншітпейді. Алайда бұл балаларға білім алудың маңыздылығын түсінуге және күнделікті сабаққа барып келуге кедергі емес.

Агнес-Миель мектебі, Германия

Дюссельдорфтағы Агнес-Миель мектебі (Agnes Miegl Realschule) жастар субмәдениетіне тұнып тұр. Мұны қабырғаға салынған граффитилерден және оқушылардың киім үлгісінен байқауға болады.

Аль Ишрак мектебі, Йемен.

Акамат Аль-Мегаб қаласындағы Аль Ишрак мектебі (Al Ishraq Primary) — бұл мемлекеттің таулы аймағында орналасқан бір қабатты бастауыш мектеп.

Араб мектебі, Йемен.

Сана қаласының араб мектептерінің сыныптарында 50-ден астам оқушы оқиды. Екі адамға арналған партада үш-төрт оқушыдан отырады. Ал кейбір ауылдарда тіпті парта да жоқ.

Уарте де-Сан-Хуан мектебі, Испания.

Уарте де-Сан-Хуан халықтық білім беру алқасы Мадридте орналасқан. Джермен көрген мектептердің ішінде Испанияның сыныптарында аз оқушы оқиды.

Денезида бастауыш мектебі, Англия.

Deneside Infants School мектебі Сихэм қаласының тұрмысы нашар аудандарының бірінде орналасқан. Мұнда көбіне жұмыссыздар мен жәрдемақымен күн көретін адамдар өмір сүреді.

Беамонт жоғарғы мектебі, АҚШ.

Сент-Луис қаласында орналасқан Beaumont High School мектебі өзі орналасқан ауданның шынайы келбетін көрсетеді. Мұнда көбіне афроамерикалықтар мекендейді.

Ангел Ланд мектебі, Куба.

Escuela Primaria Angela Landa мектебі Гавананың ескі бөлігінде орналасқан. Мына балалардың отбасылары кедей тұрады, бірақ мұнда медицина жоғары деңгейде (батыс стандарттарына сай), сонымен қатар балаларды мектепте тегін тамақтандырады.

Бело Рамо Құдайанасының мемлекеттік мектебі, Бразилия.

Белудегі Escola Estadual Nossa Senhora do Belo Ramo мектебі - кедей аудандарда тұратын қарапайым қызметкерлердің балаларына арналған мектеп. Бұл мектеп оқушыларының 8-10%-ы ғана ЖОО-на түседі.

Омар бен Аль-Хаттаб, Катар.

Omar Bin білім беру кешені Катар астанасы — Доха қаласында орналасқан. Джеремнің айтуы бойынша, бұл мектеп тиімді болғанымен, жансыз көрінген. Балалар енді өсе бастаған сақалдарын абырой санайды.

Наим орта мектебі, Бахрейн.

Суретте - ағылшын тілі сабағындағы 11 сынып оқушылары.

Руйфанг мектебі, Тайвань.

Руйфанг ауданының бастауыш мектебі, Тайвань.

Нигериядағы жексенбілік мектеп.

Нигерияның Кано қаласында орналасқан Куллиати мұсылман мектебінің студенттері.

Гамбелла бастауыш мектебі, Эфиопия.

Гамбелла — Аддис-Абеба астанасынан 420 шақырымда орналасқан кішігірім ауыл. Мектепте 5 сынып бар. Мұғалімдер - ауылдың ең құрметті және ең көп жалақы алатын тұрғындары — айына 70 долларға жуық жалақы алады.

Сауд Арабиядағы бастауыш мектеп.

Сауд Арабиясында мемлекеттің жылдық бюджетінің ширек бөлігі білім беруге жұмсалады.

Аргентинадағы ескі мектеп.

Аргентинада 5 пен 17 жас аралығындағы барлық бала үшін білім алу міндетті. Бастапқы білім беру 6-дан 7 жылға дейін жалғасады, орта білім беру — 5-тен 6 жылға дейін. Бастапқы білімді 6 мен 12 жас аралығындағы балалар алады.

Жапонияның Васеда мектебі.

Жапонияда толық мектептік курс 12 жылды құрайды, ол үш кезеңге бөлінген: бастауыш, орта және жоғарғы мектеп.

Курамо орта мектебі, Нигерия.

Виктория аралындағы Kuramo Junior College мектебі Лагос астанасына жақын маңда орналасқан.

Борнаго мектебі, Голландия.

Джеремнің айтуы бойынша, ол барған әлемдегі барлық мектептің ішінде, осы голландтық мектептің оқушылары ең сабырлысы, олар әрдайым жымиып, суретке түсуден қорықпаған екен. Бұл 9 сынып, оқушылар 13-14 жаста.

Тираканчи мектебі, Перу.

Тираканчи (Tiracanchi) — бұл тауда орналасқан кішкентай ауыл. Тұрғындардың 25%-ы үнді тілдерінің бірі — кечуа тілінде сөйлейді. 80%-ы — шаруалар, үйлердің 46%-ында жарық жоқ.

Мин-Шен мектебі, Тайвань.

Тайбейдегі Мин-Шен мектебінің оқушылары түскі астан кейін парталарында 30 минут ұйықтайды. Ұйқыдан кейін 10 минут аулада серуендеп, қайта сабаққа кіріседі.

Джессор Зилл мектебі, Бангладеш.

Оқушылар формаларымен мақтанады, өйткені Бангладеште форма киген адамдарды құрмет тұтады.

Англиядағы орта мектеп.

Англия орта мектебіндегі тарих сабағы.

№63 мектеп, Ресей.

Джерменнің айтуынша, Санкт-Петербургтың Калинин ауданындағы №63 мектепте алғыр оқушылар білім алуда: олардың барлығы университетке түспекші.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina