Жануарлар туралы ең қызықты деректер

Бүгін біз сіздерге жануарлар жөніндегі қызықты мәліметтерді ұсынбақпыз:
Сіз Жер бетіндегі тірі нәрселердің 70%-ы бактериялар екенін білесіз бе? Піл - төрт тізесі бар жалғыз жануар.  Жирафтың баласы туылғанда 1,5 метр биіктіктен құлап түседі. Өркешінің қисықтығына қарамастан түйенің омыртқасы түзу келеді. Ұрғашы иттер еркектеріне қарағанда көбірек қабады Бірінші дүнежүзілік соғыз кезінде Оңтүстік Африкалық бір маймыл медальға және капрал деген әскери атаққа ие болды. Егеуқұйрықтар жер бетінде адамдардан 48 миллион жыл бұрын пайда болды.  Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды. Көртышқандар бір түнде 76 метрлік тоннель қаза алады.  Ұлудың 25 000-нан аса тісі бар. Ежелгі мысырлықтар бабуиндерді даяшылыққа үйреткен екен.  Түйеқұстың жұмыртқасын суда пісіруге 40 минут уақыт кетеді. Колибри жүре алмайды. Поляр ақ аюлары сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады.  Жер бетінде өмір сүрген жануарлардың 99% жойылып кетті. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: my.mail.ru