Нұржан Тұтов биография

Нұржан Тұтов - актер, пародист, шоумен, әйгілі жүргізуші. 1968 жылы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Театр және Көркемсурет институтына Рабиға Қаныбаеваның класына оқуға түсіп, «Театр және кино актеры» мамандығын алып шығады. 1987-1989 жылдар аралығында әскери борышын атқарады. 2000-2009 жылдары - «Тамаша» әзіл-сықақ театрында қызмет етеді. Кейін Тұрсынбек Қабатовтың "Базар жоқ" әзіл-сықақ театрында көріне бастайды. Эстрада артистері республикалық байқауының иегері. Жұбайы - актриса Гүлшат Тұтова, екі қызы, бір ұлы бар.

Фильмография:

Телехикаялар:
2013 - "Күн сақшылары" (реж. Санжар Сұлтанов)
2013 - "Домашние войны"
2012 - "Базарбаевтар"
2012 - "Тiкелей эфир" (реж. Қанағат Мұстафин)
2009 - "Ағайынды" (реж. Ақан Сатаев)

Рөлді аса шебер сомдайды деп айта алмайтын сияқтымын...
Тамаша актер