Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Мөлдір теледидар пайда болды

Мөлдір теледидар пайда болды

Техно

Мөлдір теледидар пайда болды

Хабарлама Әсел Асанова » 13 қаңтар 2016, 16:32

Panasonic компаниясы мөлдір теледидар жасап шығарды. Теледидардың үлгісі 6-9 қаңтар аралығында Лас-Вегаста өткен халықаралық Consumer Electronics Show көрмесінде таныстырылды.

Теледидар диагоналі 165 сантиметр болатын светодиодты қораптан тұрады. Сөніп тұрған кезде теледидар шкафтың жартылай мөлдір есігі, яғни теледидар қойылған жиһаздың элементі сияқты тұрады. Иесі бұл теледидарды терезеге орнатып, түрін қалағанынша өзгерте алады.



Panasonic өкілдері бұл теледидардың коммерциялық мақсатта өте кең таралатынын айтып отыр. Жаңа теледидарды сауда орталықтарында адамдарды қызықтыру мақсатында да пайдалануға болады.
Әсел Асанова
 
Хабарлама: 486
Тіркелді: 07 қазан 2013, 19:36

Оралу: Техно

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1