Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк

Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.б.).

Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) – ежелгі түркі мемелекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянді (кейінірек Білгі қаған деп атанған) Күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындалады. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өз қабілетті қолбасшысы ретінде танылады.

Міне, осы Күлтегін батыр, оны ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақыл гөй қария Тоныкөк құрметіне VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш – жырларды әдебиет тану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымы И.В. Стеблева болды.

Бұл аталған руналық жазбалық ескерткіштер әдебиет тану ғылымында ежелгі түркі халықтарының көне әдеби үлгілері, поэзиялық туынды ретінде танылады.

Көркемдік ерекшеліктері. Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келеді. Бірі – Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі – руна жазуындағы бұл ескерткіштерде поеэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылды.

Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілдер, тілшілер, тарихшылар т.б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал, қазір Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі – академик жазушы М. Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп былай деп жазды: «олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас Күлтегін, тоныкөк немесе суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңші?! Оларда әр алуан рулармен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтарда шежіресі бар.

Тіпті сол жазушылардың бірталайында Күлтегіннің ежелгі жырларындағыдай жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіпте бар. Күлтегіннің 16 жастан 47 жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырлардың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктер жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық бар.»

Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұнымен пішіні жағынан емес, ырғаққа, яки ритмге – үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделу тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет совет ғалымы И.В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі — әрі буын, әрі екпін екені, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – сол буынмен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірдің теориялық және практикалық мәні зор еді.

Мәселен, Күлтегін жырының авторы әдеби тілге дауыс ырғағы түгіл, тіпті дыбыс қайталаулар арқыл әжептеуір ажар беруге болатынын сезген секілді:

Қырғыз, құрықан, отыз татар,

Қытай тататабы – бәрі жау еді.

Әкем қаған осынша

Қырық жеті рет аттанды.