Форум Massaget.kz • Просмотр темы - Арықтаудың жолдары

Арықтаудың жолдары

Здоровье

Арықтаудың жолдары

Хабарлама Нұржамал Үсенова Есіркепқызы » 11 қаңтар 2016, 01:10

Арықтау жөнінде көптеген әдебиеттер мен ғаламтор беттерінде кеңестер өріп жүр. Артық салмақ дегені көп те емес, небәрі 5 келідей. Алайда осы салмақтың өзі жайсыздық тудырады. Ал одан құтылу да оңай емес. Назарларыңызға арықтаудың жолдарын ұсынамыз.
Тамақтану
Біріншіден, тұтынатын азықтың мөлшерін азайту керек. 10 граммдық пешенені қыздарымыз салмақ қосып аламын деп күніне біреуден жеп жатады. Тамақты мөлшерлеп жеу үшін қандай тағамдарды тұтынған абзал. Кей кездері осы тамақтардың салмағын өлшеп, күлкілі жағдайға дейін барамыз. Өзіңіздің қарапайым тамақ мөлшеріңізді анықтап алғаннан кейін, ең алдымен оны 20 % азайтқан жөн. Араға бір ай салып тағы да 20% азайтыңыз. Осындай тәртіп жалғаса берсе адам ағзасы да осы ережеге үйренеді. Тұтынатын тағам үйреншікті, нәрлі, үй атмосферасында дайындалғаны абзал. Себебі ағзаға тез сіңеді. Жаңадан шығарылған диеталық өнімдер баяу сіңіріледі. Одан еш пайда жоқ.

Тамақтану тәртібі
Тамақтану тәртібін қатаң сақтаған абзал. Егер жаттығу кешкі уақытта болса, онда жаттығу алдында тамақтанып, одан кейін тамақтанбаған жөн. Ал жаттығу залына таңертеңгі уақытта барар болсаңыз, онда кешке міндетті түрде тамақтаныңыз. Егер салмақ қосу кезеңінде болсаңыз, жаттығудан кейін тамақтану керек. Алайда тек сумен шектелгеніңіз жөн. Дәл жаттығу алдында тамақтануға болмайды. Сонымен қатар «жылдам» сіңірілетін көмірсулардың мөлшерін азайту керек. Ақуыздық өнімдер мен көкөністерді қолданыңыз. Ақуыз ағзаға ұзақ сіңірілетіндіктен, көптеген қуатымызды ақуызды қорыту үшін жұмсаймыз. Егер ақуыздарды көмірсулармен бірге тұтынар болсаңыз, онда көмірсулар тез сіңіп, ал одан бөлінген күшіміз ақуыздарды қорытуға кетеді.

Егер жаттығудан 20 минут бұрын шоколад жер болсаңыз, онда одан алынған қуат бойымыздан тез шығып кетеді. Ал шоколадты жеп, еш қимылсыз отырар болсаңыз, онда барлығы да өз орнында қалады.

Майлы, ащы, қуырылған және тұзды тағамдардан бас тартыңыз. Ұннан жасалған тағам аса зиянды емес. Біз тек шамадан тыс көп жеп қоямыз.

Тұрақты жаттығулар
Біздің ағзамыз өте ақылды, әрі қиын машина. Егер арықтауды дереу бастап кетсеңіз, одан келетін салмақ қосу процесіне ағзамыз «алаңдайды». Салмақ жоғалту үшін немесе оны сақтап қалу үшін ұдайы жаттығу жасау керек. Орташа жүктеме - 70%. 50% жеңіл қарқынмен жаттығулар – жеңіл жүгіріс, қарапайым жаттығулармен шектеледі. Күн сайын жүгірудің пайдасы жоқ. Ол бұлшықеттердің тонусын жеткілікті қамтамасыз етіп, жеткен жетістіктеріңді сақтап қалу үшін қажет. Бұл тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Маман кеңесі
Арықтаудың ең басты ережесі – дәрігердің кеңесі. Ең алдымен гастроэнтерологтың қабылдауында болып, қандағы қанттың бар жоғын анықтап алу керек.

Алғашқы уақытта спортпен өздігімен айналысуға болмайды. Көпшілігі ғаламтордан арнайы бағдарламалар көшіріп алып, үй жағдайында жаттығып жатады. Бұл дұрыс емес. Себебі жаттығуларды орындау кезінде жарақат алып қалуыңыз ғажап емес. Абзалы жаттығуды жүйелеп өткізетін жаттықтырушыға барып, қалай жасағаныңыз дұрыс, соны біліп алыңыз. Мұндай кеңесті кез келген фитнес клубтардан біле аласыз.

Жоғарыда аталып кеткендердің нәтижесін қорытындылайық
Бірінші – кем дегенде күніне 5 мезгіл дұрыс тамақтану, тамақтың мөлшерін азайту.

Екінші - міндетті жаттығулар. Аптасына 3-4 рет 1,5 сағатқа созылатын жаттығулар.

Үшінші – жаттығуларды орындаудың ережесі.

Үш негізгі ереженің нәтижесі.

Салмақтан жылдам арылуға болады, бірақ оны сақтап қалу қиынның қиыны. Бұл үшін көбірек жаттығып және тізбектеп айтылған ережелерді есте сақтасаңыз болғаны.
Нұржамал Үсенова Есіркепқызы
 
Хабарлама: 110
Тіркелді: 15 мамыр 2014, 16:24

Оралу: Денсаулық

Конференцияны кім көріп отыр

Қазір бұл форумды көріп отырған: тіркелмеген қолданушы жоқ және қонақтар: 1