Публицистика жанрлары

Очерк-қысқа көлемді көркем шығарма.Мұнда үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі,адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен,әрі суреткер арқылы шебер,тартымды бейнеленуге тиіс.Очеркте суреттелетін шындық- ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде болған не бар ақиқат; очерктің қахарманы- ойдан жасалған бейне емес, өмірде болған не бар адам. Очерк өткен шақтың көне шындығынан емес, осы шықтың жаңа шындығынан ғана туады. Бұл ретте очерк- өз кезінің мәні, жаңаның жаршысы. Очеркті тегі жағынан алып қарасақ, ол-әрі әдеби жанр,әрі газет жанры.
Эпостың шағын түріне жататын очерк секілді аралық жанрдың бірі-фельетон (французша парақ) бұл да әрі әдеби жанр,әрі газет жанры. Өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла береді. Фельетонның газет жанры ретіндегі болмыс- бітімін профессор Д.Заславскидің «Газеттен фельетон» (М.1952) деген кітабынан оқып байқауға болады. Ал қазіргі қазақ фельетонының тарихы мен теориясын арнайы зерттеп жүрген ғалым,журналист,профессор Т.Қожакеев.Ғалым І.Жансүгіров, БМайлин, А.Тоқмағамбетов,Сейділдә Толешов секілді шебер қаламгерлер туғызған таңдаулы шығармалардың сатиралық, публицистикалық сырлары мен көркемдік ерекшеліктерін сипаттап келіп, мынадай анықтама береді. Фельетон- шағын көлемді, публицистикалық үнді , көркем тілді, сын-сықаққа бай,күлкі шақыратын әдеби шығарма.
Кейбір әдебиет зерттеушілері мемуар, памфлет, эссе секілді әдеби- публицистикалық жазбалары да шағын эпостың очеркке жақын түрлері ретінде атап жүр. Бірақ бұл- даулы пікір, біріншіден- баспасөз жанрларының бәрін көркем әдебиеттен бұйдалап әкеле беруге ағат болса, екіншіден- С.Сейфулиннің «Тар жол,тайғақ кешу»,Б.Майлиннің шығармалары тәрізді мемуарлық шығармаларды шағын көлемді эпикалық түрге жатқызу тіпті мүмкін емес,бұлардың қай-қайсысы да – күрделі баяндау, көлемді хикая,дәлірек айтқанда-ұзақ әңгіме. Қзазір зерттеп жүрген еңбек шығарған ғалым Бауыржан Жақып.