- Негізгі бет
- Спортзал
- Қолдан жасалған толқын...
Қолдан жасалған толқын үстіндегі серфинг (Видео)
Фото:
ytimg.com
"Өнер, білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды" деп Ыбырай Алтынсарин айтпақшы, адам баласы күн өткен сайын жаңа мүмкіндіктерге жол ашып келеді. Мәселен, инелікке қарап тікұшақты, балыққа қарап кемені жасағаны тәрізді табиғатқа еліктеп өркениетке ұмтылады. Мәселен, Ұлыбританияның Уэльс қаласындағы Сноудония саябағында жасанды толқын тәжірибеден өткен.
Табиғат-Ананың емес, адамзат баласының жасаған толқыны бетінде 20 ерікті серфинг тепкен. Жасанды толқынның технологиясы мынадай: су астында айналып тұратын қалақ арқылы толқын пайда болады екен. Нәтижесінде минут сайын биіктігі екі метр толқын туады. Бұл жоба ең алғаш рет осы саябақта жүзеге асқан екен. Жоба авторлары бұл жобаны Португалияда жалғастырмақшы.
Г. Берік