Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Ұлыбритания жағалауларына "елес кеме" жақындап келеді

Ұлыбритания жағалауларына "елес кеме" жақындап келеді

Ұлыбритания жағалауларына

Ұлыбритания жұртшылығы бортында тек каннибал-егеуқұйрықтар мекен ететін «елес кеменің» жағалауға жақындап келе жатқан хабарын естіп алаңдаулы күйде, деп хабарлайды The Telegraph.

Нақтырақ айтсақ, әңгіме 1976 жылы кеңес одағында құрастырылып, 1999 жылы америкалық компанияға сатылған «Любовь Орлова» круизді кемесі жөнінде болып отыр. Одан кейін кеме пайдалануға жарамыз деп табылып, оны металл қабылдау орнына жіберуге шешім қабылданады. Өткен жылдың қаңтар айында Канададан Доминикан республикасына басқа бір кеменің сүйреуімен ашық теңізге шыққан ол дауылға тап болып, нәтижесінде екі кемені жалғаған трос үзіліп, кеме ашық теңізде жалғыз қалады.     

Сол уақыттан бері «Любовь Орлова» кемесі Атлантикада құрамында бірде-бір экипажсыз өзі адасып жүр. Осыған дейін оның нақты қай маңда жүзіп жүргендігінен де ешкім хабарсыз болды.  

Жақында ғана британиялық мамандар ғарыштық дыбыс белгілері мен кейбір мәліметтерге сүйене отырып, қатты дауыл «елес кеме» аталып кеткен оны Ұлыбритания жағалауына алып келеді деген мәлімдеме жасады. Ал тұрғындардың алаңдап отырған басты мәселесі – кеменің бортында осы күнге дейін азықтың жоқтығынан тек бір-бірін жеп өмір сүріп келген жүздеген, бәлкім мыңдаған ауру таратқыш егеуқұйрықтардың арал тұрғындарына төндіріп отырған қауіпі болып отыр.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: korabley.net

2321 6
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 26 қаңтар 2014, 21:52
Пікірлер
+0
27 қаңтар 2014, 12:56

Алдын алу шараларын қарастырса екен енді тезірек...

+0
27 қаңтар 2014, 13:01

Ой, қойшы, Сырдың қызы! Сен де қатырдың ғой...

+0
28 қаңтар 2014, 19:07

Дұрыс қой, зияны тек Ұлыбританияға емес бүкіл ғаламшарға тиеді.

+0
28 қаңтар 2014, 19:19

Ақырзаманның қасында бұл түк те емес, оның үстіне Ұлыбритания жағалауында болса! 2012 жылы жертөле қазып, майшам мен сіріңкені көптеп жинап қойғандар не істеп жатыр екен, қызық? :cry:

+0
29 қаңтар 2014, 10:29

Свет жоқта майшаммен кітап оқуға болады )))
Айбек, шын айтсам, мына кекесініңе таң қалып отырмын, Мәулен жөн айтып отыр, егер, егеуқұйрықтар жұқпалы ауру таратса, Ұлыбритания ғана емес, басқаларға да зиян. Оның үстіне олар ашыққан, жағадағы адамдарға шабуылдауы мүмкін. Алдын алу шарасын жасаса дегенім егеуқұйрық улайтын дәрілерін дайындап отырса дегенім.
Жалпы, дұрыс түсінбей қалған сияқтысың мақаланы, «елес кеме» аталып кеткенімен, адасып, қараусыз қалған кәдімгі шын кеме жайында жазылған!

+0
01 ақпан 2014, 22:41

типти дауыл болсада мына кеме калай кирамаган

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...