"Бірден арықтайсың". Қарапайым серуен кезінде көп калория жағудың 8 әдісі

Көбірек жаяу жүру – арықтаудың үлкен күш қажет етпейтін тамаша әдісі. Ал бүгін ұсынылатын лайфхактар бұл процесті едәуір жеделдететіні анық. Doctorpiter.ru порталы арықтаудың оңай жолын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаяу жүру - физикалық белсенділіктің ең қарапайым және қол жетімді түрі. Егер спорттың қай-қайсы да сізге ұнамаса бұл мәселе емес, әдепкі серуен арқылы да жақсы көрсеткіш көрсетуге мүмкіндік бар.

Алайда егер сіз салмақ тастауды мақсат етсеңіз, спорт арқылы калория профицитін орындау үшін жай серуендеу жеткіліксіз болуы мүмкін. Десе де серуендеу кезінде энергияны тиімдірек жағуға көмектесетін бірнеше амалдар бар.

1. Жылдамдық қосу арқылы нәтижеге жет

Ең қарапайым және сонымен бірге тиімді кеңес – қалыпты жүріске жылдамдық қосу. Дегенмен асыра сілтеп аптығып қалудан аулақ болған жөн. Әйтпегенде бар ынсаб жоғалып, келесі қайталауға аяқ тартып қалуыңыз мүмкін. Жүріс кезінде жылдамдықты баппен, асықпай қосуға тырысыңыз.

2. Төбешіктер тамаша - тренажор

Жаяу жүру үшін орынды дұрыс таңдау да маңызды рөл атқаратын естен шығармаңыз. Ең дұрысы, жоғары-төмен қалтарысы көп жолды таңдау керек. Сіз осы кеңесті орындай отыра калорияны көбірек жағып, сан және балтыр бұлшық еттеріне жақсы импульс бере аласыз.

Бұл жаттығу кезінде сіз денеңізді алға жылжытуға көп күш жұмсайсыз. Және түсу кезінде өзіңізді дұрыс тежеу үшін аяққа бір қалыптыкүш салып отырасыз.

3. Қосымша салмақ процесті едәуір жеделдетеді

Егер сіз өзіңізбен бірге қосымша салмақ алып жүрсеңіз, жағылатын калория мөлшерін де арттыруға болады. Арнайы салмақ жапсырымалар жоқ болса уайымдамаңыз, алғашқыға рюкзакта жарай береді.

Ең бастысы асықпау және ыйыққа тым көп салмақ салмау, әйтпегенде арқаңызды зақымдап алуыңыз мүмкін.

4. Жүріс те тұрыс жоқ, ұзақ жүріңіз

Бұл өте қарапайым ұсыныс сияқты, дегенмен біз осы сәтті жиі елемейміз! Егер сіздің серуен жоспарыңыздың максимумы кеңседен метроға дейінгі 15 минуттық жаттығу болса, бұл айтарлықтай салмақ жоғалту үшін жеткіліксіз болады.

Есте сақтаңыз, жаяу жүруге көп уақыт бөлген сайын - нәтиже де сізді ұзақ күттірмейді.

5. Интервалды жүріс техникасын да естен шығармаңыз

Кейде ұзақ серуен миымызға өте қиын сияқты қабылданады. Сондықтан санаңызды қысқа үзілістермен алдарқатыңыз. Бір шақырым жүріп, аялдап алыңыз. Тағы да біраз алға шығып демалуды ұмытпау керек. Соңында көз қорқақ, аяқ батыр деп біршама аралықты қалай бағындырғаныңызды байқамай да қаласыз.

6. Ара-тұра жүгіріп те тұрыңыз

Жаяу серуендеуді кей күндері баппен жүгіру арқылы сұйылтуға болады. Бұл салмақтан тиімдірек арылуға мүмкіндік береді және жүрек-қантамыр жүйесіне пайда әкеледі.

7. Бес минуттық жаттығулар

Көбімізде сағаттап жатығуға мүмкінік бола бермейді. Десе де серуендеуден кейін бірнеше қарқынды жаттығулар тізбегін жасау өте эффективті. Осы арқылы калория жағу процесі айтарлықтай жылдамдатадуға болады.

8. Дұрыс тағамдар

Тамақ сапасына мән бермесеңіз қозғалуға мұршаңыз болмайды. Жаттығуды бастамас бұрын дұрыс тамақтану керек. Қоректік және орташа калориялы ас түрін таңдаған дұрыс. Бір қияр және тауық етімен алысқа бармайсыз.

Калория жағу үшін серуендеу алдында тағамдардың калориясын көбейту туралы кеңес әдепкіден қарама-қайшы болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде бәрі керісінше.