"Күлкістан" театры. Күтуші (Видео)

"Күлкістан" театры. Күтуші (Видео)
Фото: hameleons.com

"Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар" дегендей, ұйыған отбасының көркін келтіретін кішкентай бүлдіршіндер екені барша жан баласына аян. Алайда, оны бағып-қағып қанаттандыру жауапкершілігі зор жұмыс. Бүгінде қалтасы қалың ағайындар үйіне күтуші жалдап, жеткіншектерін жалдамалы жұмысшының тәрбиесінде қалдырады. Ақшаның артынан жүріп, жұмысына немқұрайлы қарайтын адамдардың бүлдіршініңізге қалай қарайтыны бала мен күтушіге ғана мәлім. Осы бір өршіп бара жатқан жағдайды әзіл арқылы көрермен қауымға жеткізе білге "Күлкістан" театрының әртістері көріністі тамаша ойнап шыққан екен.

Ата-ананың мейірімін көрмей өскен ұл-қыздардың үлкейгенде қарттар үйін толтырып жатқаны осы әрекеттің арқасы болар бәлкім.

B. ZHAQSYMBET