«Ду-думанның» жаңа маусымы басталады

«Ду-думанның» жаңа маусымы басталады

9 қараша күні сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасынан театр саңлақтарының басы қосылған «Ду-думан» ойын-сауықтық бағдарламасының екінші маусымы басталады. Әзіл-сықақ актері Жанатбек Байтеков пен тележүргізуші Айнұр Ілиясованың жүргізуімен өтетін бұл сайыста «Екі езу», «Шымкент шоу», «Күлкістан», «Өнер қырандары» театрлары бақ сынайтын болады.

Қатысушылардың шеберліктерін бағалайтын қазылар алқасының қатарында «Шаншар» театрының жетекшісі Уәлибек Әбдрайымов пен танымал әзіл-сықақ актері Алмат Сақатов болса, үшінші алқа мүшесі арнайы шақырылады. Екінші маусымның тағы бір жаңалығы – қазылар алқасымен қоса, көрермендер де өздеріне ұнаған қатысушыларға дауыс бере алады.

Барлық сыннан мүдірмей өтіп, жеңіске жеткен театр ұжымы, жарыс соңында кіші автобус көлігіне ие болады.

Сурет: ©massaget.kz

B. ZHAQSYMBET