- Негізгі бет
- Езутартар
- Күлкі қоржыны... ...
Күлкі қоржыны...
Поле чудеске шымкенттік бір қазекем келген екен. Кезегі келіп сыйлыққа тоқталыпты:
- Сыйлықты алмас бұрын, бүкіл қазақстандық білуге міндетті әлемге әйгілі спортшыны білесіз бе? – дейді Якубович.
Азамат ойланып кетіп, желкесін қасып:
-Өлә, шеше - деп айтып жібереді.
Леонид Аркадьевич:
- Правильно, Ольга Шишигина! – деп жауап қайтарған екен.
Пираттар Африкаға келіп, бір негрмен тілмаш арқылы сөйлесіп жатыр:
- Негр, алтын қайда?
Тілмаш: - Негр, алтын қайда?
Негр: - Айтпаймын.
Тілмаш: - Ол айтпайды.
- «Айтпасаң өлітіреміз!» деп айт! – дейді бастық пират.
- Негр, сенің алтының қайда екенін айтпасаң олар сені атып тастайды,-дейді тілмаш.
Негр:
- Алтын біздің үйдің табалдырығының астында, - десе, тілмаш:
- Атсаңдар ата беріңдер, иттің балалары. Бәрбір айтпаймын деп айтып жатыр, -депті...
Бір милиционердің әйелі егіз босанады. Жолдастары сұрап жатыр:
-Сен оларды қалай ажыратасың?
-Саусақ таңбасы арқылы.
Ит сатушыдан біреу келіп:
- Сатыла ма?
- Ия, сатылады.
- Қалай өзі, ақылды ит пе?
- Өте ақылды.
-Сенімді ме?
- Өте сенімді, осымен бесінші рет сатып тұрмын.
Кезекті демалыс күні де келіп жетті. Бас қосқан аңдар анекдот айтып көңілдерін бір көтермекші болады. Анекдот айтуды арыстан өз мойнына жүктейді. Содан арыстан аузын көпіртіп таңнан кешке дейін қызықты әңгімелерін сапырып, аңдардың барлығын күлдіреді. Жалғыз ғана керік күлмей қойыпты. Кеш болып, түн жамылғаннан соң барлығы ұйқыға кетеді. Бірде керіктің күлген даусы естіліп қалады. Барлығы не боп қалды деп керіктің жатқан бөлмесіне барып, арыстан одан: - Неге күлесің, - десе:
Керік:
– Енді түсіндім! - деп жауап берген екен.
Оқи отырыңыз:
Күлкінің қызығына батқыңыз келсе
Дайындаған:Жұлдыз Телемісова
Н. Нұрмаханұлы