Жастар арасында жүрген әзіл-қалжың

Жастар арасында жүрген әзіл-қалжың

- Неге жылап отырсың?

- Мен кейде сөйтемін: пияздың көңілін қалдырғым келмей, картоптың қабығын ашып отырып та жылай беремін.

*****

- Ертең екеуміз үйленген соң, мен үй жинап, тамақ әзірлейтін боламын.

- Ал сен ше?

- Мен ет жеп отырамын сол кезде...

- Одан пайдалырақ не?..

- Онда жеміс-жидек, көкөніс...

*****

Балет мектебіндегі жағдай.

- Қыздар, алтыдан кейін тамақ жемейміз. Мысалы, сенің жасың қаншада?

- Алтыда!

-  Болды, енді тамақ жеуді тоқтат!

*****

- Алло, сәлеметсіз бе? Тыңдап тұрмын!

- Сәлем. Мен геосаясат саласы бойынша интернет-сарапшымен сөйлесейін деп едім.

- Кешіріңіз, мен қазір бос емеспін, алгебрадамын.

*****

- Неге Үндістанда неке тұрақты?

- Өйткені олардың үйлену тойларында жігіттің қолына тапанша береді, ал қыздың маңдайының дәл ортасын қызылмен бояп қояды.

***** 

Тұз, демалыс, жастық пен ақша үнемі ойламаған жерден таусылып қала береді...

*****

Менен қызым «Қашан кездесеміз, айтшы?», «Бүгін кездесеміз бе?» «Ертең кездесейікші», «Ооой, сонда кездеспейміз бе? «Айтшы, қашан кездесеміз деймін» дей берсе, менің онымен бұдан кейін мүлде кездеспейтініме көзім жетеді.

*****

- Неге адамдар тас жолға «Мен сені сүйемін», «Мен сенімен бақыттымын», «Сенің бар болғаның үшін рақмет»,  «Сен мен өмірімсің» деген сияқты сөздерді жазып кетеді?

- Өйткені бізде көп жолға әлі асфальт төселмеген ғой. Мынадай теп-тегіс жолды кім жақсы көрмесін?

*****

Егер қызыңа айтатын әңгіме таппай жер шұқып тұрсаң, музыка қос та, билеп тұр. Іш пыстыратын жігіт болғанша, «біртүрлілеу» болған дұрыс шығар...

Ұқсас жазба:

Мұғалімдердің шаблон сөздері

Сурет: Алексей Кострикин

А. Әбілхан