Мұғалімдердің шаблон сөздері

Мұғалімдердің шаблон сөздері

Мұғалімдер – мектептегі аналар. Олар да оқушысы үшін өз баласындай күйіп-піседі. Олар өз білгендерін үйретіп, бізге тарыдай болып кіргеннен таудай болып шыққанға дейін білім мен тәлім береді. Бүгін біз аз ғана езу тартып, сергіп алу үшін мектептегі мұғалімдеріміздің сөздерін еске түсіріп көрмекпіз. Сонымен, олар оқушыларына не дейді?

 «Сендер – көпсіңдер, ал мен – біреумін»

«Сыныпта тек шыбынның ызыңы естілетін болсын!»

«Балалар, қане, қоңырауға шықпай мыналарды жазып тастайықшы. Есесіне мен сендерді бес минут бұрын ерте қайтарамын»

«Сендерге келсем, миым ашып кетеді. Ана сыныпқа барсам, миым тынышталады»

«Бүгін басым ауырып отыр, тыныш қана отырыңдаршы!»

«Ертең бәрің форма киіп келіңдер, комиссия келеді»

«Жарайды, қайта беріңдер. Бірақ біреу тексеріп жатса, «Қашып кетті» деп айтамын»

«Мен сабақты кімге түсіндіріп жатырмын, дуалға ма?»

«Артқы партада кім сөйлеп отырған?»

«Қане, тыныш қана отырайық, апайы бар екен деп ойласын»

«Кім бүгін менің орныма апай болады? Тек журналға тиісуші болма!»

«Ертең физикадан кім оқытты десе, мені айтасың ғой. Сосын кім жаман? Мен – жаман!

«Тыныш отырып, тестке дайындала беріңдер. Мен жоспарларымды жазып тастайын»

«Мен сабақ түсірдіргенде не ойлап отырдың?»

«Мен не дедім? Қане, қайталашы!»

«Бізге де айтшы, біз де күлейік!»

«Бойжетейін депсің!»

«Білгіш болсаң, шық тақтаға!»

Сурет: erketai.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?
Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?
I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?
Ғалымдар қазақ халқының генін зерттеуге кірісті
Ғалымдар қазақ халқының генін зерттеуге кірісті
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев