- Негізгі бет
- Езутартар
- Инстаграмдағы өтірік өмір...
Инстаграмдағы өтірік өмір
Инстаграмда бақытты өмір сүріп жатқанымызды жалпақ жұртқа жариялау үшін сіз бен біз түрлі қулыққа барамыз. Инстаграмда танымал болған жан оқырманы көбейген сайын жарнама алып, аз-маз ақша табады. Суреттегі сұлу бикештер мен сымбатты жігіттер шынайы өмірде мүлде қарапайым адамдар. Кейбіреуі жағдайы төмен болса да, оқырмандарының алдында бай көрінгісі келіп, сәні мен салтанаты келіскен жерлерге суретке түсіп, оны желіге жүктеп жатады. Оған суретті өңдейтін арнайы бағдарламаларды қосыңыз. Бүгінде адамның мүсінін мінсіз ететін мыңдаған бағдарлама бар. Сонымен әлеуметтік желідегі өтірік өмір қалай жасалады?
Еңбек демалысымды Багам аралында өткізудемін
Сүйіктіммен серуенге шықтым
Су жаңа аяқ киімім
Айфон
Жазға арналған әдемі сөмкем
Темір тұлпарымды "жуындырып" жатыр. Ал мен күтудемін
Терезесі теңізге қарап тұрған ең керемет қонақүйдемін
Менің кезекті көлігім
Р. Роза