- Негізгі бет
- Езутартар
- Бүлдіршіндер махаббат жайлы...
Бүлдіршіндер махаббат жайлы не біледі?
Құрметті оқырман, бүгін біз сіздерге кішкентей бүлдіршіндердің махаббат туралы қызықты ойларын ұсынамыз. Олар махаббатты өздерінше түсінеді, өздерінше қабылдайды.
«Махаббат деген – анамның әкеме кофе дайындап беруі және кофені әкеме ұсынбас бұрын дәмді болғанына көз жеткізу үшін өзінің бір ұрттап көруі»
«Егер сүюді үйренгің келсе, алдымен жек көретін адамыңды сүюді үйренгенің дұрыс»
«Махаббат деген – сүйетін жігітіңе оның киіп алған футболкасы өзіне жарасатынын айтуың және сондықтан да оның күн сайын сол футболкасын тастамай киіп жүруі»
«Махаббат деген – сенің шаршап-шалдығып тұрсаң да жымиып күлуің»
«Махаббат деген – анамның әкемнің сорпасына етті көп қылып салып беруі»
«Мені әпкем өте қатты жақсы көреді. Өйткені ол маған өзіне сыймай қалған ескі киімдерін беріп тұрады»
«Махаббат – өмірдің мәні. Футбол да...»
«Махаббат деген – анамның әкеме ренжіп қалса да, киімдерін үтіктеп, тамағын жасап беруі»
«Махаббат деген – әкемнің анам жоқта көңілсіз күй кешіп, тамаққа зауқы соқпағаны»
«Махаббат деген – анамның телефонында әкемнің «14 қабылданбаған қоңырауы»
Ұқсас жазбалар:
Балалардың ата-аналары туралы қалжыңдары
А. Әбілхан