Көгершіннің үстінен арыз түсті

Германияның Дармштатд қаласының тұрғыны көгершіннің үстінен арыз түсіріпті. Әйелдің айтуынша, құс оны бірнеше апта бойы аңдып жүр екен. Ақпаратты таратқан The Local агенттігі.

Жапа шегушінің сөзіне сенсек, кептер онымен байланысқысы келеді, үй ауласында күтіп отырады, бұл аз дегендей кейде оның үйіне кіріп алады екен.  

«Біртүрлі кептер» онымен барынша дос болғысы келетін сыңай танытқан. Тіпті де, «отбасылық қарым-қатынасқа» да түскісі келеді дейді ақпарат таратушы.

Үйге кіре алмай қалған жағдайда кептер терезенің алдында отырып алып, сүзіле қарайды да отырады-мыс. Үй егесі қаншалықты тырысса да, одан құтыла алмай әлек. Міне, осыдан кейін ол жергілікті құқық қорғау орындарына хабарласқан. Полиция да әйелге көмектесе алмаса керек, көгершін асыраушы мамандар мен мал дәрігерлігімен айналысатын психологтарға жүгінуіне кеңес береді.   

Әзірге әйелдің жағдайы жайлы ақпарат шыға қоймайды...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: earth-chronicles.ru