1 сәуірге арналған қызықты хаттар

1 сәуірге арналған қызықты хаттар

Күлкі күнінде біреуді зілсіз алдау көңіл-күйіңізді көтеретіні анық. Бала кезімізде "сені далада біреу шақырып жатыр" деп үйдегі бауырларымызды алдап, қыран-топан күлкіге бататын едік. 

Бұл күні жаныңызға жақын кез келген адамға әзіл хатын жібере аласыз. Сөйте отырып, өзіңізге де, өзгеге де көңіл-күй сыйлайсыз. Ендеше әзіл хаттарын ұсынамыз. 

- Құрметті абонент! Ұялы телефоныңызды шамадан тыс қуаттағаныңыз үшін сіздің шотыңыздан 1000 теңге алынады. Құрметпен: оператор. 

- Құрметті абонент! Компаниямыздың атынан сізді күлкі күнімен құттықтай отырып, осы күннің құрметіне шотыңыздан 500 теңге көлемінде ақша аламыз. Құрметпен: оператор. 

- Бұл смс-ті әрі қарай оқыма. 

Оқыма дедім ғой!

Айтқан сөзді неге тыңдамайсың?

Тез арада әрі қарай оқымай, кетіріп таста!

Соңғы рет ескертемін, 

Бұл смс-ті әрі қарай оқыма. 

Доғар!

Смс-ті әрі қарай оқудың еш маңызы жоқ. 

Оқымашы, жалынамын. 

Жақсы, өзің білесің. 

Сен – нағыз ақымақ, мисыз, миғұла адамсың. 

Оқыма деп айттық қой. 

Күлкі күнімен! 

- Отырған жеріңізден тез арада кетуіңізді сұраймыз! Дәл қазір астыңызды су тесіп шығуы мүмкін!

- Сізді жаңадан ашылған кафеге шақырамыз! 2 шайға тапсырыс беріп, шама салынбаған дәмсіз шайды тегін алыңыз! 

- Сізге полициядан іздеу салынды! Тұрған жеріңіз спутник арқылы анықталды. Не істеп тұрғаныңызды жасырын камерадан көріп отырмыз. Полициялар келгенше орныңыздан қозғалмаңыз! Тіпті қолыңызды төмен түсіруге, отырып-тұруға да болмайды. Артық қимылыңыз сотта өзіңізге қарсы пайдаланылуы мүмкін. 

- Көрші үйден алғашқы 10 клиентті тегін қарайтын медицина орталығы ашылды. Асығыңыз! 

- Құжаттарыңызды жақында кірген дүкенге қалдырып кетіпсіз. Тез арада алып кетуіңізді сұраймыз!

- 1 сағаттан кейін бәріміз көше тазалауға шығамыз. Көше тазалауға шықпағандарға 5000 теңге айыппұл салынады. 

- Құрметті абонент! Сіздің нөміріңіз уақытша бұғатталды. Сіз осы секундтан бастап ешкімге қоңырау шала алмайсыз! 

- Бүгін сағат 19:00-де уәделескен жерімізде күтемін. Пароль: Қасқыр. 19:00-ге 5 минут қалғанда қоңырау шаламын. 

- Құрметті абонент! Сіз Lexus көлігін ұтып алдыңыз! Көлікті есігіңіздің алдына әкеліп қойдық. Құттықтаймыз!

- Бүгін сағат 22:00-де сіздің үйіңізге бөгдепланеталықтар келіп қонады. Олар жайлы ешкімге тіс жармаңыз! Әйтпесе... 

- Мен сіздің егізіңізбін. Өзім Америкада тұрамын. Өмір бойы сізді іздеп, Қазақстаннан таптым. Құрметпен: сыңарыңыз. 

- 5 минуттан кейін боран соғады деп жатыр. Есікті кілттеп, қалың киініп отырыңыз! Ешқайда шығуға болмайды!

- Сіздің құжатыңыз белгісіз адамдардың қолынан табылды. Полиция бөлімшесіне келіп, алып кетуіңізді сұраймыз!

Сурет: nm2000.kz

Ұқсас жазбалар:

Көңілге қонымды әзіл-қалжыңдар

Әзіл түбі – зіл

Р. Роза