Әзіл түбі – зіл

Әзіл түбі – зіл

Бір күні үш жігіт Арабиядағы Абу-Даби ғимаратына барып, 90-қабаттан үй жалдайды. Азаннан кешке дейін Арабияның керемет жерлерін аралаған олар үйлеріне кештеу келіп, жедел сатының жұмыс істемей тұрғанын көреді. Оған еш ашуланбаған үшеуі баспалдақпен жоғары қарай көтеріле салады. Жолда олар бір-бірімен "бірінші 30 қабатта әзіл, екінші 30 қабатта мұңлы нәрсе, үшінші 30 қабатта сергіткіш әңгіме айтамыз" деп келісіп алады. Сөйтіп біраз уақыт көңілдерін бір көтеріп, бір түсіріп келе жатқан кездерінде үшіншісінің есіне кенеттен бір нәрсе сап ете түсіп: 

- Жігіттер, міне, сендерге тамаша сергіткіш әзіл. Бірінші қабатқа кілт алып келуге қайсысың барасыңдар? - деген екен. 

♦♦♦
- Балам, өскенде кім болғың келеді?
- Аяз ата!
- Не үшін?
- Оның өмірі өмір емес пе? Бір апта жұмыс істейсің, бір жыл демаласың!

♦♦♦
Тiс дәрiгерi емделушiге күмiлжи қарап:
-Құдай үшін мені кешіре гөріңіз! Мен байқамай сіздің сау тісіңізді жұлып алыппын. Енді ауру тісіңізді қайта жұлуға тура келеді, -дейді. Емделуші:
- Ааа.. Мейлі, әйтеуір көз дәрігері болмағаныңызға шүкір, -деген екен.


Бір ауылда аруақтардан қорқатын бір қыз болыпты. Аруақ десе, жүрегі тоқтап қала жаздайды. Сөйтіп қыз түн уақытында түнгі клубтан келе жатса, алдынан бір жігіт шығады:
-Қарындас, сізді үйіңізге дейін жеткізіп салсам рұқсат па? - дейді.
Қыз:
-Иә, жақсы болар еді.
Одан кейін жігіт қыздың қорқып келе жатқанын байқап, неше түрлі қызықты әзіл-қалжың айта бастайды. Қыз үйіне жеткен соң:
- Рақмет сізге. Не айтарымды білмей тұрғаным. Сіз менің қорқынышымды сейілттіңіз. Өзіңіз бір қалжыңбас жігіт екенсіз.
- Ой, ол бер жағы, мен тірі кезімде әзілді бұдан да жақсы айтқанмын, – деген екен.

♦♦♦
Газет оқып отырған күйеуі әйеліне:
- Мынаны қара, еркектер бір күнде 2200 сөз сөйлесе, әйелдер 4400 сөз сөйлейді екен,-деп қарқылдап күледі.

Сонда әйелі:
- Енді қайтесің, еркектер бір айтқаннан түсінбесе, – депті.

Оқи отырыңыз: 

Көңіл қалауы – күлкі

Көңілдің кілті – күлкіде

Мүлкің жоғалса да, күлкің жоғалмасын

Жылқылар арасында жарыс ұйымдастырылды

Сурет: xorst

Н. Нұрмаханұлы