Бельгия құрамасы Ресейді 3:0 есебімен ұтты (видео)
![Бельгия құрамасы Ресейді 3:0 есебімен ұтты (видео)](/userdata/news/news_65360/image_l.jpeg)
Фото:
UEFA
Футболдан Еуропа чемпионатында Ресей құрамасы Бельгиядан ойсырай ұтылды. Санкт-Петербургте өткен ойында Роберто Мартинес шәкірттері 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Бельгия бұл ойында фаворит саналған. 10 минут ішінде-ақ есепте алға шықты. Ромелу Лукаку гол соғып, жанкүйерлерін қуантты. Ал бірінші тайм аяқталғанға дейін тағы бір гол соғып үлгерді. Гол авторы – Томас Менье.
Ойын аяқталар тұста Ромелу Лукаку дубль жасап, ақырғы есепті тіркеді. Осылайша 3 ұпаймен Бельгия құрамасы "В" тобында көш басына шықты.
Н. Үсенова