Уэльс пен Швейцария құрамалары тең тарқасты

Футболдан Еуропа чемпионатындағы Уэльс пен Швейцария құрамалары арасындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ойынның бірінші таймында командалар гол соққан жоқ. Швейцария құрамасы шабуылда ширақ болғанмен, қарсылас қақпасына гол соға алған жоқ.

49 минутта Эмболо Швейцария құрамасын алға шығарды. Бұрыштамадан асырылған допты баспен қақпаға тура бағыттап, есеп ашты. 74 минутта Уэльс құрамасы шабуылшысы Киффер Мур таразы басын теңестірді.

85 минутта Гавранович швейцариялықтарды алға шығарған. Алайда ойыннан тыс қалғаны анықталып, гол есепке алынбады.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай "Массагет" порталы Huawei Device Қазақстан компаниясы қолдауымен "болжамдар бәйгесін" бастаған болатын. Қатысып бағалы сыйлыққа ие болыңыздар.

Қатысушылар арасында Уэльс – Швейцария ойынындағы дәл есепті 6 үміткер дәл тапты. Алдағы тур ойындарында сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі