- Негізгі бет
- Еуро-2016
- Еуро-2016. Швейцария құрамасының...
Еуро-2016. Швейцария құрамасының құрамы
Футболдан Еуропа чемпионатының басталуына 10 күн уақыт қалды. Қазіргі таңда ұлттық құрамалар соңғы дайындықтарын пысықтап, құрамдарын жасақтауда.
Алғашқылардың бірі болып Словакия құрамасы құрамын жариялаған еді. Бүгін Швейцария құрамасының Еуропа чемпионатына баратын 23 ойыншысы белгілі болды.
Швейцария құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Роман Бюрки («Боруссия», Дортмунд), Марвин Хитц («Аугсбург»), Ян Зоммер («Боруссия», Менхенгладбах).
Қорғаушылар: Йоан Джуру («Гамбург»), Нико Эльведи («Боруссия», Менхенгладбах), Михаэль Ланг («Базель»), Штефан Лихтштайнер («Ювентус»), Жак Франсуа Мубанж («Тулуза»), Рикардо Родригес («Вольфсбург»), Фабиан Шер («Хоффенхайм»), Стив фон Берген («Янг Бойз»).
Жартылай қорғаушылар: Валон Бехрами («Уотфорд»), Блерим Джемаили («Дженоа»), Желсон Фернандес («Ренн»), Фабиан Фрай («Майнц»), Гранит Джака («Арсенал»), Денис Закария («Янг Бойз»), Джердан Шакири («Сток Сити»).
Шабуылшылар: Эрен Дердийок («Касымпаша»), Брель Эмболо («Базель»), Адмир Мехмеди («Байер»), Харис Сеферович («Айнтрахт»), Шани Тарашай («Грассхоппер»).
Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді. Швейцария құрамасы топта Франция, Румыния және Албания құрамаларымен бірге ойнайды.
О. Сансызбай