«Қайрат» ойыншысы Еуропа чемпионатына қатыспайтын болды

«Қайрат» ойыншысы Еуропа чемпионатына қатыспайтын болды
Фото: fckairat.kz

Алматының «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Лукаш Тесак Еуропа чемпионатына қатыспайтын болды. Қорғаушы Словакия құрамасының додаға баратын соңғы құрамына енбей қалған.

Лукаш Тесак Словакия құрамасының кеңейтілген тізіміне ілігіп, Грузия құрамасымен өткен жолдастық кездесуде 90 минут ойнаған болатын. Тіпті нәтижелі пас та берген еді. Алайда кеше Германия құрамасымен өткен кездесуде алаңға шықпай, қосалқы құрам орындығында отырды. Ал бүгін Францияға бармайтыны мәлім болды.

Еуропа чемпионатына қатысатын Словакия құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Матуш Козачик («Виктория Пльзень»), Ян Муха («Слован»), Ян Новота («Рапид»);

Қорғаушылар: Ян Дюрица («Локомотив»), Норберт Дьомбер («Рома»), Томаш Губочан («Динамо», Москва), Петер Пекарик («Герта»), Корнел Салата («Слован»), Мартин Шкртел («Ливерпуль»), Милан Шкриньяр («Сампдория»), Душан Швенто («Кельн»);

Жартылай қорғаушылар: Ондрей Дуда («Легия»), Ян Грегуш («Яблонец»), Марек Гамшик («Наполи»), Патрик Грошовски («Виктория Пльзень»), Юрай Куцка («Милан»), Роберт Мак (ПАОК), Виктор Печовски («Жилина»), Мирослав Стох («Бурсаспор»), Владимир Вайсс («Аль-Гарафа»);

Шабуылшылар: Михал Дюриш («Виктория Пльзень»), Адам Немец («Виллем II»), Станислав Шестак («Ференцварош»).

Құраманың ең белді ойыншыларының қатарына «Ливерпуль» ойыншысы Мартин Шкртел мен «Наполи» клубында ойнайтын Марек Гамшикті жатқызуға болады. Сондай-ақ бұл құрамға «Қайраттың» экс-бапкерінің ұлы Владимир Вайсс енген.

Айта кетейік, Ян Козак жаттықтыратын Словакия құрамасы топта Ресей, Англия және Уэльс құрамаларына қарсы ойнайтын болады. Жарыс 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді.

Ө. Сансызбай