- Негізгі бет
- Еуро-2016
- «Microsoft» Еуропа чемпионатының...
«Microsoft» Еуропа чемпионатының жеңімпазын анықтады
Әйгілі «Microsoft» компаниясының сарапшылар тобы футболдан Франция жерінде өтетін Еуропа чемпионатына арнайы технология көмегімен болжам жасады.
Арнайы технология көмегі бойынша жасалған болжамда Германия мен Испания құрамалары финалға шығады деп күтіліп отыр. Екі құрама арасындағы өтетін шешуші ойында немістер жеңіске жетеді деп болжанған. Испандықтар өз атақтарын қорғай алмайтын көрінеді. Йоахим Лев жаттықтыратын клубтың жеңіске жету мүмкіндігі 66 %-ға бағаланған.
Арнайы технологияның алгоритміне құрамалардың ойын деңгейі, өзара өткізген ойындары, ойыншылар құрамы, жарақат алған ойыншылар, сондай-ақ ғаламтордағы іздеу жүйелерінің статистикалары пайдаланылған.
Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді. Франция жеріндегі додаға алғаш рет 24 құрама қатысқалы жатыр.
О. Сансызбай