Біздің қалада бәрі мұнайшы болғысы келеді
Құлсары тұрғынының жетістікке жету жолы
Қазақстанның мұнайлы астанасы дегенде жұртшылықтың көбі Атырау қаласы деп түсінеді. Алайда еліміздің батысындағы тұрғындар бұл сөзіңізбен келіспеуі мүмкін. Себебі олар нағыз мұнай астанасы Атыраудан 230 шақырым жердегі Жылыой ауданының әкімшілік орталығы – Құлсары екенін айтады. 80 мыңнан астам тұрғыны бар шағын қала тұрғындарының басым бөлігінінің жұмысы да мұнай саласымен байланысты.
Құлсары тұрғынының жетістік жолы
Дәрмен Аронов
ТШО үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері
"Иә, біздің қалада бәрі мұнайшы болғысы келеді! Мен де армандадым. Мектепті бітірген кезде Теңіз кеніші белсенді түрде игеріліп жатқан еді, ата-анам "өміріңді осы кәсіпен байланыстырсаң қайтеді" деген кеңес айтты. Мен келісіп, Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтына оқуға түстім", – мұнай-газ саласында 24 жылдық мол тәжірибесі бар кейіпкеріміздің әңгімесі осылай басталды.
1990 жылдардың ортасында Дәрмен Мәскеуде оқып жүргенде ТШО-да өндірістік тәжірибеден өтеді. Ол кезде бұл компания жас және қарқынды дамып келе жатқан еді. Тәжірибеден өте жүріп ол "Теңізшевройл" акционерлерінің бірі – Chevron корпорациясының шетелдік мамандарымен танысады.
"Ата-анам білім алуыма ерекше көңіл бөліп, көп күш салды. Олар маған ылғи: "Білімсіз күнің жоқ! Егер белгілі бір кәсіптің тұтқасын ұстап, ұжымды басқарғың келсе білім ал!" деп айтып отыратын. Мен бұл сөзді әрқашан жадымда ұстадым. ТШО-да тағылымдамадан өту барысында өз ойымды толық жеткізуді, сонымен қатар шетелдіктермен сөйлесіп, ағылшын тілін үйренуге тырыстым. Америкалықтармен Chevron-да таныстым. Олар менің жұмысқа деген құлшынысымды байқап: "Ақылды жігіт екенсің, университетті бітірген бойда бізге жұмысқа кел" деді. Бұл, әрине, менің арманым еді – әлемдегі ең ірі мұнай-газ кеніштерінің бірінде жұмыс істеу мақтаныш болатын. Оның үстіне бұл жер менің туған жерім ғой!"
Жетістік хикаясы подкаст түрінде қолжетімді
Қазақстанға оралған Дәрмен қайта-қайта түйіндемесін жіберіп, ТШО-ның кадрлар бөліміне телефон соққан. Бір күні оны сұхбатқа шақырады. Сөйтіп, "Теңізшевройл" компаниясында ол еңбек жолын инженердің көмекшісі болып бастайды. Кейіпкеріміз сегіз жыл ішінде өндірістік бөлімшеден топ басшысына дейін өседі, одан әрі мансап сатысында жоғарылап, "Қазмұнайгазда" (ТШО акционерлерінің бірі) түрлі басшылық қызметтерді атқарады.
Елдегі ең үздік жұмыс беруші
Әлемнің 34 елінде жүргізілген беделді халықаралық Randstad Employer Brand Research зерттеуінің қорытындысы бойынша, "Теңізшевройл" 2020 және 2021 жылдардағы Қазақстандағы ең үздік жұмыс беруші болып танылған.

Көптеген дерек ТШО-ны еңбек нарығында үздік компанияға айналдырады, соның ішінде жұмысқа қабылдау процесінің ашықтығы, лайықты жалақы, әлеуметтік қорғау, мансаптағы мүмкіндіктер, жеке даму және т.б. бар.

Компания өз қызметкерлеріне ғана емес, олардың отбасыларына да қамқорлық жасайды. Кәсіпорын қызметкерлері тұрғын үй сатып алу үшін пайызсыз несие алуға құқылы, ТШО қызметкерлері балаларының демалуына және олардың оқуыныңақысын төлейді, медициналық сақтандыруды қамтамасыз етеді және әлеуметтік пакетте басқа да көптеген жеңілдік қарастырылған.
"Теңізшевройл" америкалық компания және онда көбіне шетелдіктер жұмыс істейді деген аңыз бар. Алайда бұл мүлдем дұрыс емес. Қазір ТШО-ның негізгі өндірісіндегі тұрақты қазақстандық қызметкерлердің үлесі шамамен 95%, ал, отандық менеджерлердің үлесі шамамен 85% құрайды. Жалпы алғанда, ТШО-ның тату ұжымында 25-тен астам ұлт өкілдері жұмыс істейді. Тек 2020 жылы ғана 350-ден астам қазақстандық маман – басшы, орта буын және негізгі инженерлік-техникалық лауазымдарға тағайындалды.

30 жыл бойы ТШО өз қызметкерлеріне тұрақты түрде инвестиция салып келеді, бұл бізге жоғары білікті мұнайшылардың жаңа буынын өсіруге мүмкіндік береді. Компанияда сіз онлайн режимінде де, офлайн режимінде де негізгі жұмыс үрдісінен қол үзбей-ақ өз дағдыларыңызды үнемі жетілдіріп, жаңа білім ала аласыз. Әрбір қызметкер өз елінде де, шетелде де қысқа мерзімді тренингтерден өтіп, біліктілігін арттыра алады. Сонымен қатар, компанияда Chevron бөлімшелері арасында тәжірибе алмасу бағдарламалары бар, оның аясында 400-ден астам қызметкер халықаралық жұмыс тәжірибесін алды, тағы 6500-і шетелдік компанияларда оқытылды".
ТШО - елдегі ең ірі салық төлеуші көмпания. 2022 жылы тікелей төлем – 14,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Жалпы, компания құрылған күннен бастап, яғни 1993 жылдан бері 176 миллиард АҚШ долларынн астам салық төлеген.
Білімге көңіл бөлу
30 жыл ішінде ТШО өз қызметкерлерін оқытуға 93 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салды. 2010 жылдан бері компания қызметкерлері үшін 86 мыңнан астам оқу курстары өткізілді, оның ішінде мұнай-газ саласының мамандары үшін техникалық және кәсіптік оқыту, көшбасшылықты дамыту, тіл курстары және техникалық емес дағдылар бойынша басқа да тренингтер бар.
Дәрмен Аронов
"Мен "Теңізшевройлда" инженер-технолог болып еңбек жолымды бастаған кезімде әріптестеріммен бірге жұмысымыздың негізгі нәтижесі үздіксіз өндіріс екенін білдік. Сол кездің өзінде кез келген кәсіпті қажетті нәтижеге жеткізу қағидасын ұстануға тырыстым. Маған сол уақытта: ТШО-ның жұмысы қалай жүретінін, оның ел экономикасы мен қоғамға қалай әсер ететінін көру маңызды еді. Бірақ мен Теңізде жұмыс істеп жүріп үйренген ең басты қағидам – "жұмысты сапалы әрі қауіпсіз істеу керек немесе мүлде істемеу керек" қағидасы болды. Бұл қарапайым ережелер маған әлі де көмектесіп келеді".
"Теңізшевройл" көптеген мердігермен бірлесіп жұмыс істейді. Жобадағы жергілікті қамту көрсеткіші жылдан жылға тұрақты өсіп келеді. 2022 жылы ТШО-ның қазақстандық жеткізушілерден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу көлемі 3,7 млрд долларды құрады.
Қазақстандық кәсіпкерлерге арналған "Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?" атты арнайы жобамыздан ТШО-ға қамтушы болу жолын біле аласыз.
Құлсары қаласындағы ТШО-мен ынтымақтасып жұмыс істеп келе жатқан мердігер ұйымдар Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің түлектерін жұмыспен қамтып отыр. "Теңізшевройл" "Игілік" атты ерікті әлеуметтік инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында колледжге жаңа оқу ғимаратын салып, оны заманауи тренажерлармен және станоктармен жабдықтаған.
"Жаңа ғимараттың арқасында "Мұнай-газ операторы", "Бұрғылаушы", "Электрик", "Авто жөндеуші", "Слесарь" және т.б мамандықтар бойынша сабақ бере бастадық. Біз "Теңізшевройлмен" тығыз жұмыс істейміз және олардан жаңа құрал-жабдықтар аламыз. Колледж түлектерінің көпшілігі кейін Теңіздегі мердігер компаниялардың біріне жұмысқа орналасады, кейбір түлектер өз кәсіптерін ашып, туған колледжінің студенттерін тәжірибеге алып кетеді, ал кейбіреулері жұмыс істеуге қалады. Біздің оқу орнымыздың 60 жылдық тарихы бар, ТШО-ның атқарған істері біз үшін үлкен сый. Компанияға рахмет".
Марат Ибраев, Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің директоры.
ТШО-ның екінші ерікті бағдарламасы – әлеуметтік инвестиция және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс. Осының негізінде Құлсары қаласында, STEAM білім беруді дамыту мақсатында, "Білім керуені" қорымен бірлесіп Жылыой өңірін дамытуға бағытталған жоба қолға алынды. Наурыз айында 8 орта мектепте көп функционалды зертхана ашылды. Оның жабдықтары FIRST атты әлемдегі ең ірі ғылыми-инженерлік қозғалыстың халықаралық стандарттарына толық сәйкес келетін химиялық-биологиялық және физика-математикалық кешендерді және жеке инженерлік аймақты қамтиды.
"Біз "Білім керуені" қорымен Алматыда Chevron компаниясының әріптестерімен тәжірибе алмасу сессияларының бірінде таныстық. Сол кезде жас ынталы ұстаздар ұжымы бізді қатты таң қалдырды. Олардың зертханасымен танысқанымызда, жас құлсарылықтар робототехникадан ел чемпионы атануы үшін, жаңа білім алып, зымыран жасап, оны ұшыруы үшін Жылыой ауданында заманауи және толық жабдықталған STEAM зертханасын құруды қолға алдық. Осылайша, Құлсары еліміздің батысындағы балаларға жоғары сапалы STEAM білім алуға қол жеткізетін алғашқы қалалардың бірі болмақ".
Бүгінгі Құлсары
Еліміз егемендік алған жылдары Құлсары аудандық маңызы бар шағын елді мекеннен облыстағы ірі мұнай өндіретін орталыққа айналды. Негізінен ТШО-ның әлеуметтік бағдарламаларының арқасында қала жаңа кейіпке еніп, өмір сүруге жайлы бола бастады.
Жалпы алғанда, ТШО "Игілік" бағдарламасы аясында 100-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырды. Оның ішінде: мектептер, ауруханалар, елді мекендерді электрмен және газбен жабдықтау жүйелері, жаңа су тазарту кешендері және басқа да көптеген ірілі-ұсақты инфрақұрылым, білім беру және медициналық нысан бар.
Осылайша, Құлсары қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету, су құбырын қайта жөндеу, оны толық ауыстыру бойынша үлкен жоба қолға алынды. Қала орталығында 3000 орындық жаңа орталық стадион мен спорт кешені, оның ішінде бассейн, спорт залы және ойын залы салынды.

Құлсары қаласында "Қоғамдық орындар" бағдарламасы сәтті жұмыс істеп жатыр, соның арқасында тұрғындардың өздері ТШО-ның қолдауымен қоғамдық орындарды абаттандырады. Бір жылда 60-тан астам жаңа спорт, балалар алаңдары, саябақтар және басқа да демалыс орындары салынды.
"Осындай дамуға атсалысу, ең алдымен болашақ ұрпаққа пайдасын тигізетін ортақ істің бір бөлігіне айналу - үлкен мәртебе мен жауапкершілік. Бұл жұмыс маған тек ішкі емес ТШО-дан да сыртқы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретініне қуаныштымын. Құлсары қаласында туып-өскендіктен мен де өз үйім – Жылыой ауданынының болашағына алаңдаймын. Бұл ауданда білім саласына көбірек көңіл бөлу керек деп есептеймін. Біздің аймақтың балалары ТШО немесе кез келген басқа компанияда көшбасшы болуға мүмкіндігі бар, мен бұған сенімдімін".