Экономика бойынша Нобель сыйлығы иегерлері белгілі болды

Экономика бойынша Нобель сыйлығы иегерлері белгілі болды
Фото: nobelprize.org

Экономика бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы Бен Бернанке, Дуглас Даймонд және Филип Дибвигке «банктер мен қаржылық дағдарыстарды зерттегені үшін» берілді. Бұл туралы Нобель комитетінің ресми сайты мәлімдеді.

Сыйлықтың ақшасы 2022 жылы 10 миллион швед кронын (шамамен 900 мың доллар) құрайды. Биыл жүлде тең бөлінеді.

«Биылғы лауреаттар банктердің экономикадағы, әсіресе қаржылық дағдарыстардағы рөлі туралы түсінігімізді айтарлықтай жақсартты. Олардың зерттеуінің маңызды бөлігі – банктерде дағдарысты болдырмау» делінген хабарламада.

Өткен жылы экономика бойынша Нобель сыйлығы канадалық-америкалық экономист Дэвид Кард пен АҚШ зерттеушілері Джошуа Ангрист пен Гидо Имбенске берілді. Кард «еңбек экономикасына эмпирикалық қосқан үлесі үшін» және Ангрист пен Имбенс «себеп-салдарлық байланыстарды талдауға әдістемелік үлес қосқаны үшін» марапатталды.

Т. Раушанұлы