Биржа мен ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттады

Доллар қымбаттап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 448,32 теңге болып, 4,57 теңгеге қымбаттады. Айта кетейік, доллардың 21 маусымдағы ресми бағамы 443,26 теңге, ал рубль 7,91 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 447,77 теңге, сатылымда - 452,08 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 445,65 теңгеден сатып алып, 448,42 теңгеден сатып жатыр.