Жақында "Экономика сабақтарының" 13-дәрісі жарияланады

Сәлем, достар! Шығармашылық топ "Экономика сабақтарының" 13-дәрісінің түсірілімін аяқтады. Экономикалық сауаттылық қай кезде де керек болады. Қолыңызға сапасыз тауар түссе, заңды жолмен мәселені қалай шешуге болатынын білесіз бе? Бұл сабақта осы туралы көп мағлұмат біле аласыздар.