- Негізгі бет
- Егер...
- Жігітіңіз сізден жалықпасын...
Жігітіңіз сізден жалықпасын десеңіз...
Ер адам сезімге адал болғанымен тез жалығады. Бұл бәріне қатысты болмауы мүмкін бірақ көп жағдайда орын алатын құбылыс. Оған басты себеп ерлердің табиғатынан. Олар өмірлік жар іздеп жүріп, сол іздеп тапқан сүйіктісінен бір-ақ күнде жалығуы мүмкін. Ал кез келген ер адам сізден жалықпас үшін не істеу керек?
Үнемі жадырап жүріңіз
Күлімдеп өмір сүріңіз. Бәрін көңілді әрі жадыраңқы қабылдаңыз. Ерлер үнемі күлімдеп жүретін қыздарды жақсы көреді. Себебі олар өздері құлазып жүрген кезде жанындағы жақсы көретін адамынан демеу күтеді. Сол сәтте онымен бірге құлазымай, жадыраңқы көңіл сыйласаңыз, бұл сіздің басты ерекшелігіңіз болады.
Әр кездесуге әдемі киім киіңіз
Жігіттер күнделікті өмірде әдемі киінген қыздарға көз қырын салып жүреді. Сондықтан өзгелерге көз қырын салмасын десеңіз, өзіңіз әдемі киініңіз. Әр кездесуге жаңадан танысуға бара жатқан секілді дайындалыңыз. Тіпті ол жігітті бірінші көруге келе жатқандай әсерде болыңыз. Киімнің түсіне де, ерекшелігіне де мән беріңіз.
Ерекше бір сүйікімді еркелігіңіз болсын
Еркелік – қыз баласының қаруы. Ол қару арқылы ер адамды өзіне қаратып қана қоймай, бағындыруға да болады. Ер адам өзге қыздан таппаған еркелікті сіздің бойыңыздан көрсе, ол сізден жалықпайды. Өйткені жігіт сіздің дәл сол еркелігіңізді көру үшін асығады. Сондықтан табиғатыңызда жоқ болса да, әдемі бір дүние ойлап табыңыз.
Отбасы туралы сөз қозғаңыз
Жігітке жүрген күннен бастап қатардағы дос не ер адам ретінде емес, болашақ жарыңыз болатын адамдай қараңыз. Жігітке дәл сол сезімді сезіндіріңіз. Жігіт сізбен уақыт өткізу үшін ғана емес, жауапкершілік арқалап жүргенін сезінсін. Бұл таптырмас амал.
Толық әрі нақты жауап беріңіз
Жігітіңіз сұрақ қойса немесе сыр ақтарып жатса, «імм», «мхм», «аха» деген қысқа сөздерді мүлде пайдаланбаңыз. Барынша толық әрі нақты жауап беріңіз. Тіпті қысқа жауап беруге тура келсе де, сіз ол үшін маңызды адам екеніңізді сезіндіріңіз. Ер адамның сезімі құбылмалы екенін ұмытпаңыз.
Екі жарты бір бүтін болып жүру, кездесу мен қоштасу бәрі махаббаттың заңдылығы. Бірақ екеуара махаббатты ұстайтын да оны қайта жіберетін де екі адамның қолында. Ақиқатын айтқан кезде ұстап қалу қыздың қолында. Себебі жігіт «кетем» десе кетіп қала алады...
М. Ақан