- Негізгі бет
- Егер...
- Жаңа танысқан қызды...
Жаңа танысқан қызды шығарып салғанда...
Махаббатта ер жігіттің сүйген қызын шығарып салу «дәстүрі» айтарлықтай маңызға ие. Сол себептен бүгінгі жазбамызға осы тақырыпты арқау етпекпіз. Жаңадан басталып келе жатқан қарым-қатынас арықарай да жалғасын тапсын десеңіз, қызды алғашқы кездесуден соң дұрыстап шығарып салуыңыз керек.
Қызбен кездесуден соң қандай да бір шаруамен асығыс болып, шығарып салуға мүмкіндік болмай тұрса қайтпексіз? Әрине, бұл үшін алдымен кешірім өтініңіз. Өйткені сіз кездесуге шақырған соң оны барар жеріне дейін жеткізіп салуыңыз немесе шығарып салуыңыз керек. Ал егер тығыз шаруа шығып, оған мүмкіндік болмай жатса себебін түсіндіріңіз. Тиісінше, такси ұстап, жүргізушіге жолақысын төлеп, барар жеріне дейін жеткізіп салуын жақсылап тапсырыңыз. Өзіңіз көліктің есігін ашып, ізетпен орын ұсынып, қайта көліктің есіген жабыңыз. Айтпақшы, қоштасарда оған шаруаңызды бітірген бойда міндетті түрде хабарласатыныңызды ескертіңіз.
Сүйген қызыңызды шығарып салу үшін өз автокөлігіңіз болуы міндетті ме? Әрине, бұл қалтаның мәселесі. Қалтаңыз көтерсе, қызбен кездесуге өз автокөлігіңмен баруды қай жігіт жек көрсін. Бірақ сүйген адам үшін мұның аса маңызы жоқ. Бастысы – оны көңілді түрде, сезіммен шығарып салуыңыз.
Жаяу шығарып салуға қыздар неге қарсы болады? Енді бірталай жер жаяу жүріп қайту қыздардың бәрінен ұнай бермейді ғой? Шығарып салады екенмін деп қызды сүйрелеп бірнеше шақырым жаяулатуға мәжбүрлеп қоймаңыз. Егер сырласып, әңгімелесіп жүре береміз десеңіздер, оны алдын-ала екеуара шешіп алғандарыңыз жөн. Тек таксиге тиын аяп, «мынау тұрған жер ғой» деп жаяулатып, сүйгеніңізді шаршатып алмаңыз. Мұның соңы қызыңыздың келесіде сізбен кездесуден бас тартуына әкеліп соғуы әбден мүмкін.
Қызды барар жеріне жеткізгеннен соңғы әрекет... Шығарып салудың соңы жай ғана «Сау болмен» аяқталмауы керек. Оған бүгінгі кездесудің керемет көңіл-күй сыйлағандығын және мұндай кездесудің тағы да қайталана бергенін қалайтыныңызды айтыңыз. Егер үйге кіріп, кофе не шәй ішуге ұсыныс жасаса, сол мақсатпен ғана кіріп, көшедегі әңгімені жалғастыруға болады. Бірақ жаңа танысқан қызбен оның пәтерінде ұзақ отырудың түк те қажеті жоқ. Ал егер үйге кіріп сусын ішуге ұсыныс жасамаса, сіз де үндемей қоштаса салғаныңыз жөн.
Ал, ендеше, іске сәт!
Ұқсас жазбалар:
Жігіттерге қатаң түрде тыйым салынады!
Қайын ене көзімен: Қандай күйеу сүйкімді?
А. Әбілхан