- Негізгі бет
- Егер...
- Ескі таспадағы суреттерді...
Ескі таспадағы суреттерді қалыпқа келтіру (Видео)
Фото түсіру зор шеберлік пен мұқияттық талап етеді. Арнайы түсірілген жарық дұрыстығы, қандай жерде түскенде сурет әдемі шығатынын және қандай көлемде алуды бақылау – мұның барлығы кәсіби фотограф білуі керек шарттар. Бір күннен естелік болып қалар суретті түсіруге арналған аппараттар уақыт өте заманауи техникамен дамып келеді. Бүгінгі таңда арнайы кәсіби мамандарға арналған фотоаппаратпен қоса смартфондардың камералары да адамзат үшін үлкен рөл атқарады. Осы арқылы болашақта әрбір қызықты күндерін еске алып, жымия күліп алары анық.
Сандық фотоаппараттар шықпай тұрып, суреттер арнайы жарық сезгіш таспалар арқылы түсірілгені бәрімізге белгілі. Олар түсіретін таспаның өзі бір түсіргеннен мүлт кетпеуге үйрететін. Оны арнайы суға салып, қолыңызға бір жапырақ қағаз ұстатқанда сәтті шықса қуанып, ұнамай қалса өкінеріңіз һақ. Бүгінгі таңда адамдар арнайы флешкаларға түрлі суреттер түсіріп, ұнамағанын өшіріп тастайтын мүмкіндікке ие. Бірақ, әрбір адамның өзінің өткен күннен белгі болып қалар суреттерін көргенде заманның қалай жылдам дамып бара жатқанына қайран қалады.
Бүгін назарларыңызға жарық сезгіш таспада қалып қойған суреттеріңізді сақтап алуға мүмкіндік беретін үй жағдайындағы көріністі ұсынамыз. Ол үшін көп заттың керегі жоқ. Бар болғаны видеоны көру арқылы керек заттарды дұрыс пайдаланыңыз.
B. ZHAQSYMBET