Жігіттер суретке қалай түседі?

Жігіттер суретке қалай түседі?

Адамдардың өмірінен хабар беретін Instagram, Facebook, Twitter, в контакте секілді желілердің түр-түрі бар. Біреулер бұл желілерде сапалы суреттерін ғана жарнамаласа, екіншілері оған аса мән бермейді. Бастысы өмірімнен хабар беру деп түсінеді. Естеріңізде болса, осыған дейін «Қыздар суретке қалай түседі?» деген тақырыпта материал жазған болатынбыз. Енді суретке түсуде ұлдардың қандай қателіктер жіберетіндігін бірге анықтайық.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ұлдардың қыз балалар секілді суретке көп түсуі ерсі көрінгенмен, бүгіндері қалыпты құбылысқа айналды. Олар да түрлі әлеуметтік желіде өздерінің өмірінде болып жатқан елеулі оқиғаларымен бөліседі. Біреулері суретте жақсы шығып жатса, екіншілері суретке түсуден бас тартады. Ондай жігіттер суретке түсірген кезде ер жігітке жараспайтындығын «Түспеймін» деген бір ауыз сөзбен білдіреді. Ал суретке түсуді жақсы көретін жігіттердің қателігін талдайтын болсақ, олар да кей қыз секілді денесін қалай дұрыс ұстарын білмейді. Әрине, суретке түсу барысында бүкіл қимыл-қозғалысыңды бақылау мүмкін емес. Алайда ұзақ уақыт дайындықтың көмегімен жақсы нәтижеге жетіп, әдетке айналдыруға болады. Сәнқой жігіттердің өзі 5 минуттық жарнамаға түсу үшін ұзақ дайындықтан өтеді. «Дене тұрыстарын» алдын ала жаттап алады. Қарапайым жігіт үшін оның қажеті жоқ. Тек төмендегі біз ұсынған бірнеше ережені ескерсе болғаны:  

1. Кез келген жағдайда көзді толығымен ашып түсу керек.

 

2. Қолдарды жинақы ұстаған жөн.

 

3. Иекті көтеріп түскен кезде бас сопақ, ал көздер кәріс қыздарыныкіндей қысыңқы болып көрінеді.

 

4. Қолыңызбен иегіңізді ұстап түскіңіз келсе, қолдарыңыздың ұшын ғана тигізіңіз. 

 

5. Жігіттердің суретке түсуіне байланысты жүргізген сауалнамамызда көп қыз қабағын шытып түсетін ұлдарды ұната бермейтіндігін, неғұрлым қарапайым түскендерінің жөн болатындығын айтқан. 

 

6. Шалбалдың қалтасына саусақтарды толықтай салудың қажеті жоқ. (Бұл қателікті ұлдар қауымының көп бөлігі жібереді).

 

7. Орнына қалтаңызға бас бармағыңызды ғана салып түсуіңізге болады. 

 

8. Суретке түскенде пиджактың түймесі міндетті түрде ашық болуы тиіс. Қолды қалтаға салмастан, түйменің тұсынан ұстаған жөн. 

 

9. Бір емес, бірнеше сағат таққан жігіттің суретін әлеуметтік желілерден көп кездестіруге болады. Тағы ескеретін нәрсе сол, қыздар қауымына дәл осылай мақтанып түсетін жігіттер ұнамайды екен. 

 

10. Қыздардың біріне қолдарымен түрлі белгі жасап түсетін жігіттер ұнаса, екіншілері қарсылық білдіреді. Әсіресе, салмақты жігіттерге жараспайтын қылық дейді. 

 

11. Галстуктың ұшы белдіктен төмен түспеуі тиіс. 

   

12. Суретке галстугыңызды түзеп тұрғандай түскіңіз келсе, оны саусағыңыздың ұшымен ғана ұстауға тырысыңыз. 

 

13. Киім мен көңіл-күйдің де сәйкес келгені жөн.

 

14. Ауызды жартылай ашып түсу сырт көзге ерсі көрінеді. 

 

15. Пиджагыңызды шешіп түскіңіз келсе, арқаға ұстағаныңыз жөн. 

 

16.  Күн жоқ жерде, әсіресе үйдің ішінде көзілдірік тағып түсудің қажеті жоқ. 

 

17. Суретке кездейсоқ түсіп қалғандай көрінгіңіз келсе, бұл әрекетіңізді ең алдымен көзіңізбен көрсетіңіз.

 

18. Суретте өзіңіздің қарсылығыңызды көрсеткіңіз келсе де, қолыңызбен бетіңізді жаппаңыз.

 

19. Денеңіздің камераға ең жақын орналасқан бөлігі үлкен болып түседі. Сол себепті алға-артқа ұмсынбай түскен жөн. 

 

Ал сізге жігіттердің суретке қалай түскені ұнамайды?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Қарлыға Бүйенбай

Қ. Бүйенбай