Ваннадағы келеңсіз жағдайлар

Ваннадағы келеңсіз жағдайлар
Фото: www.soulpost.ru

Әр адам күнделікті таза жүруі тиіс. Тазалық сақтамағаннан түрлі бактериялар мен аурулар  пайда болады. Бүгінгі таңда қалада душ кабинасы немесе ванна жуынатын орнын пайдаланатындар көп. Көптеген адам тұнық суға түсіп, бой сергітуді күнделікті әдетке айналдырғаны да мәлім. Бүгін біз сіздерге ваннаның қауіпті жағдайлары туралы әңгімелейміз.

Ең алдымен, үйдегі душ құбырының су шығаратын бөлігіне мән берген дұрыс. Себебі ішінде тұрып қалған тот қалдықтары уақыт өткен сайын көбейіп, тері ауруына шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайдан алшақ болу үшін жылына бір рет құбырдың су шығару бөлігін ауыстырғаныңыз дұрыс.

Екіншіден, арнайы душ қабылдайтын кілемше болғанын мұқият қадағалаған жөн. Себебі еден тайғанақ болуынан осы күнге дейін талай адам жарақат алды. Егер сіздің душ қабылдайтын орныныңыз кеңірек әрі ыңғайлырақ болса, онда арнайы сақтану ілгіштерін іліп қойғаныңыз артық етпейді.

Көп адам таңертеңгі уақытын үнемдеу үшін ванна немесе душты ұйықтар алдында қабылдайды. Бұл ұйқы бездерінің қызметін бұзуы мүмкін. Сондықтан душ қабылдағаннан кейін бір жарым-екі сағаттан кейін ұйықтағаныңыз абзал. Болмаса душты таңертең қабылдағаныңыз дұрыс. 

Әрине мұның барлығы сіз үшін ұсақ-түйек көрінуі мүмкін. Алайда ішкі ағзаыңыз да сыртқы келбет секілді тазалық пен дұрыс қимылды қажет етеді.

B. ZHAQSYMBET