- Негізгі бет
- Ең, ең,ең...
- Адамзат тапқан ең...
Адамзат тапқан ең ерекше 6 планета
Күн жүйесінде біз білетін 9 планета бар. Кейін келіп оныншы планетаны тапқан ғалымдар оған өзгеріс жасағанын жақсы білеміз. Дегенмен мектепте біз тек санаулы планеталарды ғана оқимыз, білеміз. Ғалымдар күн сайын ғарыштан түрлі қызыққа тап болады. Кейде сіз бен біз ойлаған дүниелер болмай шығады. Сонымен адамзат тарихындағы ең экстремалды, ең ерекше деген 6 планетамен таныс болыңыз!
Ең ыстық планета
Планеталардың ыстық болуы олардың қасында орналасқан жұлдызбен ара қашықтыққа және жұлдыздың температурасына байланысты. Біздің күн жүйемізде ең ыстық алып жұлдызға жақын орналасқан планета – Меркурий. Оның Күнмен арасы 57 910 000 км. Ондағы күндізгі температура +430 градусқа дейін жетеді.
Бірақ Күн жүйесіндегі ең ыстық планетаға HD 195689 немесе KELT-9 деп аталып кеткен планета жатады. Ондағы температура 10 мың градусқа жетеді.
Ең суық планета
Ең суық планета болып -223 градусты көрсететін OGLE-2005-BLG-390Lb жатады. Аталған планетаны «Хот» деп те атайды. Бұл атауды оған ең суық «Жұлдызды соғыс» планетасының құрметіне берген. Бұл планетадағы тіршілік көзі жоқ.
Ең алып планета
Күн жүйесіндегі ең алып планета деп Юпитер саналып келген болатын. Бірақ ғалымдар зерттеу нәтижесінде тағы да бір алып планета тапты. Ол Юпитерден 28,5 есе үлкен. Таныс болыңыз, бұл DENIS-P J 082303.1-491201 b деп аталатын планета.
Ең кішкене планета
Ең кішкене планета Меркурий деп оқып келдіңіз бе, ендеше қателестіңіз. Ең кішкене планета Kepler-37b деп аталады.
Ең кәрі планета
Ең кәрі планетаға осыдан 12,7 млрд. жыл бұрын пайда болған PRS B1620-26 b планетасы жатады.
Ең жас планета
V830 Tauri деп аталатын бұл планета – ең жас планета. Оның жасы – 2 млн жыл.
М. Ақан