Әлемдегі ең қымбат USB флешка қанша тұрады?

Әлемдегі ең қымбат USB флешка қанша тұрады?
Фото: i-fakt.ru

Технология қарыштап дамып барады. Тіпті көз ілестірмес жылдамдықпен жылжып, ғалымдар өздері ашқан жаңалықтарына таңдай қаға бастады. Бір қызығы даму үстіндегі техникалардың сапасымен қоса бағалары да қымбат. 
ХХІ ғасыр есіктен ентелеп келгенге дейін 5 мб жады бар флешканы тасымалдау бір жүк көлігін қажет еткен. Ал қазір қанша болса, сонша көлемдегі жадты қалтаңызға салып жүре аласыз. Біз айтып отырған нәрсе –USB флешка. 


Дүкеннен қарапайым 32 гб флешканы орташа есеппен он мың теңгеге алуыңыз мүмкін. Яғни ең сапалы дегенін. Бірақ Швейцариялық La Maison компаниясының зергерлері сіздің қалтаңызға сиса да, қалтаңыз көтере бермейтін бағадағы флешка шығарды.

Осы флешканың үлгісін ұсынған идея авторы Мохамед Шавиш саңырауқұлақ тәрізді флешкасын 37 мың долларға бағалап отыр. Оның жад сыйымдылығы 32 гб. Одан өзге де түрлері болар. Олардың бағасы 17-25 мың доллар арасында. Ал бұл әлемдегі ең қымбат флешка. Оның қымбат болуына басты себеп, сыртқы пішінін құлпыртып тұрған асыл тастар: рубин, изумруд, гауһар тас және сапфир.

М. Ақан