Соңғы 25 жыл ішіндегі үздік көліктер анықталды

Британдық AutoExpress басылымы соңғы 25 жыл ішіндегі үздік автокөліктер рейтингісін құрды. Оған Британия аймағында ресми түрде сатылған 50 көлік кірді. Айта кетсек, өткен аптада тағы бір ағылшын басылымы – Top Gear – соңғы жылдар ішіндегі үздік 50 көлік тізімін шығарған болатын. Бірақ Top Gear тізімінде көбіне Bugatti Veyron немесе Porsche 911 секілді суперкарлар көш бастаса, AutoExpress рейтингісінде жалпы «халық» автокөліктеріне көңіл бөлінген.

Мәселен, бірінші орынды Ford Focus иеленіпті. Және оның қазіргі моделі емес, бірінші буыны. Ағылшындардың ойынша, Focus-тың бірінші буыны жақсы болғаны соншалық, ол жаңа стандарттарды салып, бүкіл әлемнің дизайнерлерін ойландыруға мәжбүр еткен.

Екінші орын Lancia Delta Integrale-ға бұырса, үшінші орында - McLaren F. Бұдан кейін Volkswagen Golf болса, үздік бестікті Nissan GT-R аяқтап тұр.

Сонымен қатар, соңғы 25 жыл ішіндегі үздік көліктер тізіміне Skoda Yeti (14-орын), Skoda Fabia-ның бірінші буыны (17-орын), Nissan Qashqai (39-орын), Volvo 850 (46-орын),  Toyota Land Cruiser 80 (48-орын), Volvo XC90 (50-орын) секілді танымал автокөліктер енген.

AutoExpress нұсқасы бойынша соңғы 25 жыл ішіндегі үздік автокөліктер:

1. Ford Focus – бірінші буыны
2. Lancia Delta Integrale 
3. McLaren F1 
4. Volkswagen Golf VII 
5. Nissan GT-R
6. Audi TT-ның бірінші буыны
7. Bugatti Veyron 
8. Alfa Romeo 156 
9. Aston Martin DB9 
10. Rover Mini Cooper 
11. Honda NSX 
12. Ferrari 458 Italia 
13. Ford Escort Cosworth
14. Skoda Yeti
15. Mini  
16. BMW M5 E39
17. Skoda Fabia-ның бірінші буыны 
18. Fiat Multipla
19. Porsche Boxster 
20 Vauxhall Lotus Carlton
21 Audi R8
22 Rover 75
23 BMW M3 E90
24 Aston Martin V8 Vantage
25 Range Rover Evoque
26 Range Rover-дің үшінші буыны 
27 Ford Ka-ның бірінші буыны
28 Jaguar XF 
29 Mercedes-Benz S-класс 
30 Porsche Carrera GT
31 Volkswagen Corrado
32 Lotus Elise 
33 Renault Clio Williams
34 Vauxhall Calibra 
35 Jaguar XJ220 
36 Peugeot 306
37 Fiat 500
38 Ford Fiesta-ның алтыншы буыны
39 Nissan Qashqai 
40 Citroen DS3
41 Toyota GT 86
42 Mazda RX-8
43 Renault Twingo-ның бірінші буыны
44 Ferrari F355 
45 Alfa Romeo Spider
46 Volvo 850 
47 Honda Integra Type R 
48 Toyota Land Cruiser 80 
49 Alfa Romeo SZ 
50 Volvo XC90

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: auto.mail.ru