- Негізгі бет
- Әдеп
- Қошемет сөздер қалай...
Қошемет сөздер қалай айтылады?
Қошемет сөздер – ізгіліктің бір түрі болып табылады. Бұл адам бойында пайда болатын, қуанған немесе таң қалған кезде туындайтын сезім түрі.
Біз қуанған кезде немесе таң қалған кезде жанымыздағы кез келген адамға жақсы көздер айтып сырымызды бөлісуге асығамыз. Бұл қошемет сөздердің бір қасиеті.
Жалпы күн сайын ер мен әйел, адамдар бір-біріне түрлі қошемет сөздер айтып жатады. Өкінішке орай адамдардың көбі қошемет сөзді қалай, қай жерде айту керектігін ескере бермейді. Адамда қошеметке бөлеп оның көңілін табудың орнына бата айтамын деп қате айтып жатады. Ал шындығында қошемет сөзді қалай айту керектігін білесіз бе?!
Оп-оңай әрі қарапайым. Ең бастысы жақсы өздерді пайдалана біліңіз. Сіз және сіз қошемет айтып тұрған адам қуана білсін. Ал қошемет сөзді айту үшін жай ғана тіл байлық пен шынайы сезімді пайдалану аздық етеді. Себебі қошемет сөзді айтқан кезде айтарлықтай сауаттылық керек әрі оны талап етеді. Жалпы қошемет сөздердің қолданыстағы түрлеріне атап өту арқылы сізге қалай жақсы сөз айтуға болатынын үйренуімізге болады. Бір үңіліп көрейік:
Ең бірінші, қошемет сөздің сырт-келбетіне айтылуы.
Аталған қошемет сөз кеңінен таралған қошемет сөздердің бірі. Оған мына мысалдар дәйек бола алады: «сіз бүгін құлпырып тұрсыз!», «Сен сондай сұлусың!», «сен ханшайым болып тұрсың», «патшадай жарқырап тұрсың» деген сынды. Бұл қошемет сөздердің ең дұрыс жасалған түрі болып табылады. Бұл адамның өзіне тікелей бағытталған қошемет сөздер. Сіз осылай адамның сырт-келбетіне қошемет айта отырып, оның сыртқа сұлу көрінуін қамтамасыз етесіз. Оның да өзін жақсы сезінуіне алып келесіз.
Ал аталған қошемет сөздің өзінде айтуға болмайтын түрі бар. Мәселен, «сіз бұл әдемі киімді қайдан алдыңыз? Ол сізге жарасып тұр», «қандай әдемі жейде! Оны қай дүкеннен алдыңыз?» Бұл жерде қошемет сөз адамның өзіне емес оның киімі мен оның сапасына қаратылып тұр. Ендеше бұл қате деген сөз. Сондықтан аталған қошемет сөз дұрыс жағынан қабылданбайды. Ал бұл сұрақтарды қошемет сөз ретінде емес, реті келсе жай ғана сөз арасында кірістіріп жіберу керек.
Екінші түрі адамның жұмысы мен еңбегіне қарай айтылған қошемет сөздер.
Бұл қошемет сөздер адамның жасаған жұмысына, оның еңбегіне, талабы мен талантына айтылған сөздер. Оның жұмысы бағалай отырып мақтау, жемісін көргенін айтып өту жақсы дүние.
Бұл жағдайда айтылатын қошемет сөздер: «Жарайсың, жақсы еңбектендің! Сен болмасаң не істер едім?», «сен ең керемет қызметкерсің!», «сен біздің ең ақылды әріптесімізсің!» деген сынды қошемет сөздер адамның еңбегін бағалауға үлкен әсерін тигізе алады. Ал оның да бұрыс жағы бар: «жігіттер жарайсыңдар, жақсы жұмыс бірақ мұның бізге керегі жоқ», «сен бәрін дұрыс жасадың бірақ бұл дұрыс емес». Міне бұл екі қатар арқылы адамның жасаған ісін жоққа шығармай, қошемет сөз арқылы оның мәртебесін көтеруге болады.
Үшінші түрі қошемет сөздердің белгілі бір іске байланысты, ішкі сезімді бағыттауға арналған түрі.
Бұл қошемет сөзді сіз адамның өзіне тікелей қарата айтасыз. Оның ісіне ғана емес жалпы оның бір ісіне немесе әрекетіне қарай пайдаланасыз. Мәселен «маған сенің жасаған тамағың ұнайды», «сенің мені еркелеткенің ұнайды» деген секілді. Сондықтан адамға қошемет сөзді бағыттар кезінде шынайы болыңыз, ол сізді сезінсін. Әрі әрбір айтқан қошемет сөзіңіздің бағасын біліңіз ол да білсін. Әйтпегенде жасанды шыққан қошемет сөз екеуіңізді араңызға қара мысық салып қоюы әбден мүмкін.
Келесі бір қошемет түрі бұл, өтініш жасауға бағытталған түрі.
Бұл қошемет сөздердің адамнан өтініш жасау арқылы жасайды. Яғни біреуге өтініш жасау арқылы, оған қолыңыздан келмейтін жасауға шақыратын қошемет сөздер. Мәселен, «сен гүлді жақсы орайсың, маған бір қорабын дайындауға көмектесе алмайсың ба?», «сен суретті керемет саласың, маған әдемі бір сурет салып берші» деген секілді өтініштер жатады. Байқап отырсыз ба, сіз өтінішті жай ғана айтып қойған жоқсыз, қайта оған қошемет айта отырып, сұранып тұрсыз. Ал қошемет сөзді дұрыс пайдалану сіздің жұмыстағы нәтижеңізді көрсетсе, оның абыройын асқақтатып тастайды.
Қошемет сөздің бесінші бір түрі, аяқ асты айтылған қошемет сөз.
Қошемет сөздердің ең кереметтерінің бірі де осы. Себебі аяқ асты отырып біреуге еш себепсіз «сен бүгін сондай кереметсің», « сен бүгін құлпырып тұрсың» деп айту қошемет сөздің бір керемет түрі. Мұндай қошемет сөздер тек жақсы адамға емес, дұшпанға да өз септігін тигізеді. Соны ұмытпау керек.
М. Ақан