Панфиловтың немересіне шабуыл жасалды

Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловтың немересі және танымал қазақстандық композитор Бақытжан Байқадамовтың қызы Айгүл Байқадамоваға Алматы қаласында шабуыл жасалды, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі facebook әлеуметтік желісіне сілтеме жасап. 

Айгүл Байқадамова жойқын соққының астына алынып, бет-әлпеті қатты жарақаттанды. Алайда шабуыл жасаушылар ешқандай затын ұрламаған. Оқиға түнгі сағат 2-де Талғар медициналық колледжінен қайтып келе жатқан кезде орын алған. Шабуылшыларды Айгүл Байқадамова көрмеген. Ол бірер сағаттан соң есін жиған зардап шегушіге үйіне жетуге көшедегі адамдар көмектескен. Бір жас жігіт жедел жәрдем шақыруды ұсынған, алайда ол бас тартыпты. Тіпті полицияға шағымдануға да отбасылық жағдайларға байланысты өтініш білдірмеген. 

Байқадамова бұл шабуылды өзінің азаматтық пікірінің біреулерге ұнамай қалғанымен байланыстырады. Айта кетейік, бұған дейін ол Facebook парақшасында Георгий лентасы туралы сөз таластырып қалыпты. Жасалған шабуылды сол адамдар ұйымдастырды деп ойлап отыр. Ол өз сөзінде: "Мен тек қана батыр Панфиловтың немересі емеспін, сонымен қатар, белгілі Байқадамовтың да қызымын, сондықтан ешкімнен де қорықпаймын", - деді. 

Естеріңізде болса, бұған дейін де біраз шабуыл жасалған. Жастар Жүргенов академиясында журналистерді, аялдамада ағаны соққыға алған еді. 

Сурет: vk.com