- Негізгі бет
- Дедуктивті әдіс
- Дедукция сабақтары (3-дәріс)...
Дедукция сабақтары (3-дәріс)
Шерлок Холмс ағылшын миллионері Андерсон мырзаның жұбайына тиесілі бағалы тастар тонауды жоспарлап жүргендер жөнінде есітеді. Андерсон ханым Лондондағы ең жоғары дәрежелі қонақ үйде тұратын. Холмстың ойынша, ұрлық осы қонақ үйде ұйымдастырылмақ.
Шерлок Холмс тонау кезінде ұрыны ұстап алу үшін Андерсон ханымның қонақ үйдегі бөлмесінде бірнеше күн жасырынады. Еш нәтиже болмағаннан кейін Андерсон ханым тонау туралы ақпараттың өтірік екенін айтып, Холмсты үйіне қайтарады. Сол сәтте әлдекім бөлме есігін қаққаны естіледі. Кенет есікті ашып, бөлмеге бейтаныс кісі кіреді. Ол Андерсон ханымды көріп, бөлме шатастырып алғанын айтады.
– Бұл менің бөлмем екеніне сенімді едім. Расында қонақ үйдегі барлық есіктер бірдей екен», — дейді ол. Сосын кешірім сұрап, есікті сыртынан жауып кетеді.
Осы сәтте Шерлок Холмс оның дәл сол ұры болғанын біліп, дереу тұтқындайды.
Шерлок Холмстың өзіне сенімді түрде осылай жасауына не түрткі болды?
Ж. Өрісбай