Нью-Йоркте үнді текті британдық жазушы Салман Рушдиге шабуыл жасалды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Хабарда айтылғандай, Рушди Chautauqua институтында дәріс оқуы керек болған. Дәріс басталар алдында сахнаға белгісіз біреу жүгіріп шығып, Рушдиді пышақтай бастаған. Ол тұтқынға алынды. Полиция күдіктінің 24 жастағы Хади Матар екенін, Нью-Джерси штатының Фэрвью қаласынан келгенін анықтады.
Дәрігер залда жазушыға алғашқы көмек көрсеткен, содан кейін оны тікұшақпен ауруханаға жеткізген.
Жаңа ақпарат бойынша, Рушдиге бірнеше сағат бойы ота жасалған. Жазушы жасанды демалдыру аппаратына қосылған.
"Жаңалық жақсы емес. Салман бір көзінен айырылуы мүмкін, қолындағы жүйке тамырлары үзіліп, бауыры зақымдалған", - деді оның кітап агенті Эндрю Уайли.
Шабуыл кезінде шараның модераторы Генри Риз де басынан жеңіл жарақат алды.
Полиция өлтірудің себебін анықтау үшін федералды тергеушілермен жұмыс істеп жатқанын айтты. Олар қандай қару қолданылғанын сипаттамады.
1980 жылдары ол "Ібіліс өлеңдері" романын жазғаннан кейін шиіт мұсылмандарының қаһарына ұшырады. Иранның діни жетекшісі аятолла Хомейни Салман Рушдиді өлтіру туралы пәтуа шығарды.
Рушди он жылға жуық жасырынып жүрді. Романның жапон тіліне аударған Хитоши Игараши 1991 жылы өлтірілді. 1998 жылы Иран үкіметі пәтуаны бұдан былай қолдамайтынын айтты, ал Рушди кейінгі жылдары салыстырмалы түрде ашық өмір сүрді.
Жазушы АҚШ азаматтығын 2016 жылы алған.
Айта кетейік, Сэр Ахмед Салман Рушди (ағылш. Ahmed Salman Rushdie, Урду أحمد سلمان) “Түн ортасындағы балалар” романы үшін 2008 жылы “Букер” сыйлығын иеленген. Рыцарь бакалавры. Корольдік әдеби қоғамның мүшесі. Сыншылар аталған жазушыны магиялық реализм жазушыларының қатарына жатқызады.
Букер сыйлығын алған азиялық қаламгерлер
Салман Рушди 1947 жылы 19 маусымда Бомбейде Кашмири тектес мұсылман отбасында дүниеге келді. Оның атасы урду тілінде жазған ақын болған. 14 жасында Англияға оқуға кетіп, кейіннен Кинг колледжінде, Кембридж университетінде тарихты оқыды. Театрда, содан кейін журналист ретінде жұмыс істеді. 1964 жылы Ұлыбритания азаматтығын алды.
2004 жылдан 2006 жылға дейін ол АҚШ-тың Халықаралық ПЕН орталығының президенті болды.
2008 жылдың 10 шілдесінде Лондонда интернеттегі оқырмандардың дауыс беруінің нәтижелері бойынша Салман Рушди “Букер” сыйлығының номинаттары арасында үздік деп танылды. Оның балаларына (Рушдидің өзі рәсімге қатыса алмады) Букердің арнайы сыйлығы мен 50 мың фунт стерлинг берілді.