Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Букер сыйлығын алған азиялық қаламгерлер

Букер сыйлығын алған азиялық қаламгерлер

Букер сыйлығын алған азиялық қаламгерлер

Букер сыйлығы – ағылшын әдебиеті әлеміндегі ең беделді марапаттардың бірі. 2013 жылға дейін ол Ұлттар достастығы елдерінің бірінде, Ирландияда және Зимбабведе тұратын авторға ағылшын тілінде жазылған романы үшін берілді. 2014 жылдан бастап жүлде автордың азаматтығына қарамастан, ағылшын тілінде жазылған роман үшін тағайындалды. Жеңімпаз 50 мың фунт стерлинг алады (2002 жылға дейін - 21 мың). Егер шығарма басқа тілде жазылып, ағылшын тіліне аударылған болса, аудармашы марапаттың жартысын алуға құқылы. Бұл сыйлық алғаш рет 1969 жылы тағайындалды. 2002 жылдан бастап Man Group компаниясы Booker сыйлығына демеушілік жасай бастады да, содан кейін марапаттың толық ресми атауы - The Man Booker Prize болып өзгерді.

2019:  Джоха Альхартхи

2019 жылғы беделді халықаралық “Букер” сыйлығы (Man Booker International Prize) Оман жазушысы Джоха Альхартхиға (Jokha Alharthi) бұйырды.

Аталған сыйлық жазушының “Аспан денелері” (Celestial Bodies) романы үшін беріліп отыр. Жүлде шарты бойынша 50 мың фунт-стерлинг Альхартхи мен аудармашы Мэрилин Бут арасында теңдей бөлінген. Сыйлықты ұйымдастыру комитетінің сайтында Джоха Альхартхидің Пар­сы шығанағы елдері арасынан ағылшын тіліне аударылған омандық бірінші романист әйел екендігі айтылған. Жазушының бұған дейін екі романы, қысқа әңгімелер жинағы және балаларға арналған кітабы жарық көрген.

2008:  Аравинд Адига

Аравинд Адига – үнді жазушысы және журналист, 2008 жылғы "Букер" сыйлығының лауреаты.

Аравинд Адига 1974 жылы 23 қазанда Мадраста дүниеге келген.  Аравинд мектепті 1990 жылы бітірген соң жанұясымен Сиднейге қоныс аударған. Аравинд Адига ағылшын әдебиеті бойынша Нью-Йорктегі Колумбия университетінің колледжінде оқыды, оған британдық тарихшы Саймон Шама жетекшілік етті. 

Жазушы һәм жуналист өзінің мансабын Financial Times газетінде журналист-стажер ретінде бастады. Содан кейін ол “Ақша”, “Уолл-стрит журнал” және басқа да басылымдарда жұмыс істеді. Аравинд Оңтүстік Азиядағы тілші ретінде Тайм журналында үш жыл қызмет етті.

Оның тырнақалды романы “Ақ жолбарыс”  2008 жылы “ Букер” сыйлығының иегері атанды.

2006: Киран Десаи

Киран Десаи 1971 жылы 3 қыркүйекте Нью-Дели, Үндістанда дүниеге келген, АҚШ-та тұратын үнді жазушысы. 2006 жылы оның “Жойылған мұра” романы Букер сыйлығына ие болды. Киран Десай бұл марапатқа ие болған ең жас жазушы. Ол –  әйгілі жазушы Анита Десайдың қызы.

Киран Десай 14 жасқа дейін Нью-Делиде өмір сүрді. Анасымен бірге Ұлыбританияға қоныс аударды. Бір жылдан соң АҚШ-қа көшті. Киран Америка жерінде Беннингтон колледжінде, Холлинс колледжінде, сонымен қатар Колумбия университетінде әдеби білім алды.

Алғаш рет Киранның шығармасы 1997 жылы, New Yorker журналында Салман Рушдидің редакциялауымен ХХ ғасырдың екінші жартысындағы үнді әдебиетінің антологиясы жариялаған кезде басылды.  Оның алғашқы жарияланған романы “Гуава бақшасындағы Hullabaloo” 1998 жылы жарыққа шықты. Киранға “Букер сыйлығын алып келген “Жойылған мұра” романы 2006 жылы жарық көрді.

1997: Арундати Рой

Арундати Рой – үнді жазушысы. 1961 жылы дүниеге келген. Солшыл саяси көзқарастарды ұстанады, неолибералды жаһанданудың белсенді қарсыласы. Оның қаламына «Кішкентай нәрселер құдайы» романы мен көптеген публицистикалық очерктер туған.

Арундати Ройдың анасы елдің оңтүстік-батысында, Керала штатында туған үнді-христиан. Әкесі Бенгалдан шыққан үнді, шай плантациясының иесі. Арундати Рой балалық шағын Кераланың Айманам қаласында өткізді, 16 жасында олар Дели қаласына көшіп келеді. Алдымен отбасы қаңылтыр шатыры бар кішкене үйде тұрды, ал Арундати бос бөтелкелерді жинап, таратып табыс тапты. Кейін ол сәулет колледжіне оқуға түсіп, болашақ бірінші күйеуі Жерар да Кугнаны ұшыратты.

1992 жылы ол өзінің алғашқы романы бойынша жұмыс істей бастады, 1996 жылы жазып шықты. Бір жылдан кейін роман “Кішкентай нәрселер Құдайы” деген атпен басылды. Жартылай өмірбаяндық роман Кераланың жоғары қоғамындағы христиан отбасындағы оның балалық шағы туралы баяндайды. Роман Үндістан үшін касталар жүйесі, әйелдердің рөлі, Кераладағы христиандардың өмірі және Кераладағы Коммунистік партияның рөлі сияқты маңызды тақырыптарға арналған. Оның қолжазбасын жазушы Панкая Мишра Ұлыбританиядағы үш баспагерге жіберді. Баспагерлердің бірі Дэвид Годвинге роман ұнағаны соншалық, ұшаққа мініп, оның алғашқы агенті болу үшін Үндістанға ұшып келді.

Арундати Рой кітабын 21 елде басып шығару құқығын 500 000 фунт стерлингке сатты. 1997 жылы ол “Букер” сыйлығының иегері атанып, халықаралық атаққа ие болды.

1989: Кадзуо Исигуро

Кадзуо Исигуро — 1954 жылы Жапонияның Нагасаки қаласында дүниеге келген. “Нобель”мен “Букер” сыйлығын алған санаулы жазушылардың бірі.

1960 жылы әкесі Сидзуо Исигуро Жапон елінен Ұлыбританияға көшіп келеді. Ал 1982 жылы Исигуро Кадзуо ағылшын азаматтығын алады. ​ Кадзуо 1974-78 жылдары Кент университетінде ағылшын және философия бакалавр мамандығын алып шығады. 

Жазушының есімі оқырмандарға “Біз жетім болғанда…”, “Ноктюрндер: музыканың 5 тарихы түннің басталуы”, “Жанұялық кешкі ас”, “Жерленген алып” романдары арқылы кеңінен таныс.

Кадзуоның шығармалары бүгінге дейін әлемнің 30-ға жуық тіліне аударылған. Швед академиясының хабарламасында сыйлықтың “автордың таңғажайып эмоционалды қуатқа ие романдарында әлем мен шыңырау арасындағы байланыстың бұлдыр бейнесін көрсете алғаны үшін” берілгені айтылады.

1989 жылы автор өзінің “Күнжарым” атты үшінші романы үшін әйгілі “Букер” сыйлығын да жеңіп алған.

2015 жылы жазылған “The Buried Giant” атты кейінгі романы оқырмандар арасында жоғары бағаға ие болды. Жазушының көптеген шығармалары ағылшын, неміс, француз, швед, испан тілдерінде жарық көрген. 

1981: Салман Рушди

Сэр Ахмед Салман Рушди (ағылш. Ahmed Salman Rushdie, Урду أحمد سلمان) “Түн ортасындағы балалар” романы үшін 2008 жылы “Букер” сыйлығын иеленген.  Рыцарь бакалавры. Корольдік әдеби қоғамның мүшесі. Сыншылар аталған жазушыны магиялық реализм жазушыларының қатарына жатқызады. 

Салман Рушди 1947 жылы 19 маусымда Бомбейде Кашмири тектес мұсылман отбасында дүниеге келді. Оның атасы урду тілінде жазған ақын болған. 14 жасында Англияға оқуға кетіп, кейіннен Кинг колледжінде, Кембридж университетінде тарихты оқыды. Театрда, содан кейін журналист ретінде жұмыс істеді. 1964 жылы Ұлыбритания азаматтығын алды. 

2004 жылдан 2006 жылға дейін ол АҚШ-тың Халықаралық ПЕН орталығының президенті болды.

2008 жылдың 10 шілдесінде Лондонда интернеттегі оқырмандардың дауыс беруінің нәтижелері бойынша Салман Рушди “Букер” сыйлығының номинаттары  арасында үздік деп танылды. Оның балаларына (Рушдидің өзі рәсімге қатыса алмады) Букердің арнайы сыйлығы мен 50 мың фунт стерлинг берілді.

1971: Видиадхар Сураджпрасад Найпол 

Видиадхар Сураджпрасад Найпол – британиялық жазушы. Әдебиет саласындағы “Нобель” сыйлығының лауреаты (2001) және”Букер” (1971) иегері.

Найпол Тринидад аралдарындағы Чагуанас деген шағын қалада дүниеге келді, ол кезде қала британдықтардың колониясы болған. Оның әкесі Сиеперсад Найпол журналист болып “Тринидад Гвардияға” 1929 жылдан бастап әңгімелер жазған. Содан кейін провинцияның тілшісі болып қызмет еткен.

Әкесінің жазуы, Найпольдің жазушылықты таңдауына қатты әсер етті. Найпол 1971 жылы “Еркін елде” шығармасы үшін “Букер” сыйлығын иеленді.

2001 жылы “Бізге талқылауға әдетте рұқсат етілмейтін фактілер туралы ойлауға мәжбүр ететін шыншыл шығармалары үшін” “Нобель” сыйлығына лайық деп табылды.

1
Рейтинг: +2

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 20 тамыз, 15:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.